Халықаралық рейтинг агенттігі ForteBank-тің «B + / B» деңгейін растады
«Бар-жоғы бес жыл бұрын Forte активтері бойынша отыз банктің қатарына кірсе де, ірі компаниялардың бізбен жұмыс істеуі мүмкін емес сияқты көрінетін. Алайда біз мұны жүзеге асыру үшін бәрін жасадық. Бүгінде еліміздегі үшінші ірі банкпіз және үлкен компаниялармен жұмыс істейміз. Өткен жылы бизнес-шоттарды басқаруға арналған жаңа функция — интернет-банкингті іске қостық. Оның клиенттерімізге ұнайтынына көз жеткіздік. Бір жылдың ішінде бұл жүйені 16 мың кәсіпкер пайдаланды», — деді жобалық кеңсе жетекшісі Елдос Кирбасов.
«ForteBank-тың өтімділігі тұрақты деп есептеледі, бұл оның балансында өтімді активтердің көп мөлшерде екенін көрсетеді. Сонымен қатар, ForteBank басшылығы жергілікті нарықты жақсы біледі деп санаймыз. Тиісінше, бұл басқару тәсілдері қолайсыз экономикалық жағдайда да банкті басқаруға көмектеседі», - дейді халықаралық ұйымның өкілдері.
ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвилидің сөзіне қарағанда, қаржы мекемесінің ұжымы S&P сарапшыларының банкке деген сенімін көрсетіп, банктің рейтингін қазіргі деңгейде растағанына қуанышты.
«Пандемиямен байланысты құлдырай түскен нарықтық жағдайларға қарамастан, ForteBank жоғары тиімділік пен оң қаржылық және операциялық нәтижелерді сақтап келеді. Қаржылық көрсеткіштер біздің клиенттеріміздің банкке деген сенімін айғақтайды. Forte тобы біздің клиенттеріміз күнделікті қолданатын жаңа сандық өнімдер мен қызметтерді жасау үшін үнемі ізденіс үстінде болады», - дейді басқарма төрағасы.
проможаңалық
Халықаралық рейтинг агенттігі ForteBank-тің «B + / B» деңгейін растады
«ForteBank-тың өтімділігі тұрақты деп есептеледі»
Комментарии
Подписаться