Банк таңдауда әркімнің сенімге негізделетіні рас. Кәсіпкерлер барлық банктегі қызметтерді салыстыра отырып, оларды мұқият қарастырғанды жөн көреді. Шоттар қаншалықты тез ашылады? Аударымдар мен комиссиялары қандай? Интернет-банкингті пайдалану ыңғайлы ма? Бөлімшеде қызмет көрсету сапасы жақсы ма? Төлемдерді шетел валютасымен қабылдауға бола ма? Кәсіпкер банк таңдарда осы сауалдарды сараптайды.

«Бар-жоғы бес жыл бұрын Forte активтері бойынша отыз банктің қатарына кірсе де, ірі компаниялардың бізбен жұмыс істеуі мүмкін емес сияқты көрінетін. Алайда біз мұны жүзеге асыру үшін бәрін жасадық. Бүгінде еліміздегі үшінші ірі банкпіз және үлкен компаниялармен жұмыс істейміз. Өткен жылы бизнес-шоттарды басқаруға арналған жаңа функция — интернет-банкингті іске қостық. Оның клиенттерімізге ұнайтынына көз жеткіздік. Бір жылдың ішінде бұл жүйені 16 мың кәсіпкер пайдаланды», — деді жобалық кеңсе жетекшісі Елдос Кирбасов.

Биылдан бастап кәсіпкерлер филиалға бармай-ақ шот ашуға өтініш бере алады. Жаңартылған интернет-банкинг арқылы тұтынушы өз шотындағы валютаны қазынадан жеке бағам бойынша айырбастай алады. Кәсіпкерлерге осының бәрін пайдалану тиімді болуы үшін банк жаңа тарифтік топтамаларын ұсынады. Олар карта, шот, эквайринг, аударым сияқты барлық ыңғайлы қызметті қамтиды.

«Өткен жылы шыққан және кәсіпкерлердің қызығушылығын тудырған тағы бір ыңғайлы өнім — ForteKassa. Ол сіздің сауда нүктелеріңізді автоматтандырады, сонымен қатар кассалық операцияларды, жұмысшыларды, қойманы бақылауға, кірістерді көруге және жеке кабинеттегі аналитиканы тексеруге мүмкіндік береді. Яғни кассалық аппарат, чекті басып шығарғыш және POS-терминал — мұның бәрі бір құрылғыға біріктірілген. Енді ол сатушылардың қолдануына оңтайландырылды», — деді Елдос.

Бұл құрылғы қазақстандық кәсіпкерлер арасында өте танымал болды және биыл оған аралас төлем, кассалық аймақтағы жеңілдіктер және мобайл қосымшадан тауарларды қабылдау сынды жаңа функциялар қосылды.

Жақында Forte өзінің ForteKassa атты шағын әрі ақылды терминалын шығарды. Кірістірілген штрих-код сканері бар бұл жаңалықты әріптестей қабылдауға болады. Ол сөмкеге сыяды, сондықтан өзіңізбен бірге алып жүруге де ыңғайлы.

«Көптеген қызметкер жұмыс істейтін, бірнеше жерден төлем қабылдауы керек кәсіпорындар бірнеше POS-терминалды сатып алмауы үшін біз оңай және тиімді шешім қабылдадық. Бұл — NFC-модулі арқылы смартфонды контактісіз төлемдерді алуға арналған құрылғыға айналдыратын Tap on Phone технологиясы. Бұл такси, жеткізу қызметі, мейрамхана сияқты үлкен кассаларды қажет етпейтін бизнес түрлеріне де, шаштараздарға немесе гүл сатушыларға да өте ыңғайлы», — деп Елдос сөзін түйіндеді.

Осыдан бір жыл бұрын Forte экожүйесі Forte Market сандық дүкенімен толықтырылған, ол кішкентай электроникадан үй жиһазына дейінгі мыңдаған түрлі өнімді сатады.

Қазірдің өзінде сайтта 200-ден астам сатушы бар, олар 100-ден астам санаттағы 100 мыңға жуық тауар бірлігін ұсынады. Мұнда тұрмыстық техниканы, гаджеттерді, автокөлік аксессуарларын, спорт жабдықтарын және тағы басқа тауарды онлайн сатып алуға болады.

«Біздің басты мақсат отандық кәсіпкерлерге қолдау көрсету, сондықтан біздің нарықта «Қазақстанда жасалған» деген арнайы бөлім пайда болды. Барлық серіктестер ForteMarket тауарларды сату жөніндегі комиссияны 2020 жылы шілденің аяғына дейін алып тастайды. Бұл карантиннен кейінгі кезеңде бизнесті дамытуға жақсы ынталандыру болады және кәсіпкерлерге жинақталған қаражатты бизнесін дамытуға бағыттауға көмектеседі», дейді ForteMarket басшысы Дмитрий Комиссар.

Сондай-ақ, бизнесті дамыту үшін кәсіпкерлер сайтқа жарнама орналастыру, push-хабарламалар, әлеуметтік желілердегі және басқа арналардағы жарнама сияқты Forte маркетингтік ресурстарын пайдалана алады. Бұл бизнесті барынша көп адамға таныту үшін қажет.

Дәстүр бойынша тұсаукесер соңында бәрін тосынсый күтіп тұрды. Маусымның аяғына дейін кез келген сауда жасаған ForteWeek клиентіне  10 000 теңгелік жарнама кодын береді.

проможаңалық

ForteMarket серіктестерінен комиссияны алып тастайды әрі жаңа клиенттеріне 10 мың теңге береді

Forte Digital Week-тің соңғы күні бизнес және Forte арқылы кәсіпкерлердің қалай көбірек қаражат таба алатыны айтылды