QazaqshaМен Алматыда дрэг-куин болып жұмыс істеймін
Дрэг-мәдениет, макияж және клуб шоуы
Дрэг — травести-шоудың заманауи бағыты. Ол РуПол шоуының арқасында бұқара мәдениетіне танымал. Алматы клубында дрэг-куин болып жұмыс істейтін 22 жастағы Адли Данамен әңгімелестік.
Сөздік
ДРЭГ-КУИН — (drag queen) әйелдерге арналған киім киіп, алдын ала дайындаған қойылым немесе шоумен көрерменнің көңілін көтеретін әртіс;
КИКИ — (Kiki) ЛГБТ-қауымдастығындағы достарымен кездесіп, жаңалықтарды бөлісу;
ЛИПСИНК — (lipsync) әнді өзің айтып жатқандай аузыңды ырғағына, сөзіне келістіріп ашып-жабу, қойылым барысында мимика мен дененің экспрессив қимыл-қозғалысы;
ДРОП — (death drop немесе dip) бишінің кенеттен ерекше қалыпта арқасына құлауы;
Бәрі неден басталды?
Мен дрэг-мәдениетпен үш жыл бұрын RuPaul’s Drag Race (РуПолдың жарысы) шоуын көргенде таныстым. Дрэг пен травестидің арасында айырмашылық бар. Мысалы, дрэгте eleganza extravaganza, яғни әсіреленген сұлулық бар. Шоу «Америка топ-моделі» жарысына ұқсайды, бірақ дрэг-куиндерге арналған. Қазақстанда оны көбі білмейді, Америкада RuPaul’s Drag Race шоуының көрермені көп.
Бұған дейін бағдарламалаумен айналысып, бұл өмірде өз орнымды таптым деп ойладым. Шоудың бірнеше эпизодын қарап, ішімде қызығушылық пайда болды. Бағдарламалаумен айналысудан ешқашан бақытты болмайтынымды түсіндім, сондықтан мамандығымды өзгерттім. Өзімді толығымен дрэг-мәдениетке арнадым. Бұл қызық сезім екен, өйткені бұрын мұндай өнердің барын білмейтін те едім. Кейде университетте оқуға кеткен төрт жылымды ойлап, өкінемін.
Өнердің барлық түрін қамтитыны үшін дрэгті қатты жақсы көремін. Визажист, стилист, шаштараз, дизайнер, тігінші, хореограф және тағы да басқа рольдердің бәрін өзің атқарасың. Дрэг қалайтын нәрсенің бәрін еш шектеусіз жасауға мүмкіндік береді.
Менің сахналық лақап атым — Адли Дана. Адли — шын есімімнің өзгертілген нұсқасы. Бала кезімнен бастап ешкім өз есімімді атамайды. Сондықтан біреу атымды айтып шақырған кезде мені емес, басқа адамды шақырып тұрғандай көрінеді. Есімімді құжатта, ресми түрде ауыстыруға тырыстым. Бірақ біздегі бюрократияның кесірінен уақытым босқа кетті. Адли маған өмірде де, сахнада да жарасады.
Шамамен екі жыл бұрын бояна бастағанымда инстаграм-парақшамды қолға алдым. RuPaul’s Drag Race шоуын көргеннен кейін араға бір жарым жыл салып дрэгпен айналыстым. Бағдарламалау, оқу және жұмыс әлеміндегі мансабыммен бірден қоштаса алмадым. Демалыста саяхаттадым, Үндістаннан оралғаннан кейін дрэг әлеміне толығымен аяқ бастым. Әуелі қоғамның көзқарасынан қорықтым, бірақ әлемдегі ең атақты жұлдыз болуға деген ниет қорқынышымды жеңді.
Айтпақшы, бұл — дрэг әлеміндегі қағида.Rupol (белгілі американдық дрэг-куин) былай дейді: «Әлемнің супер жұлдызы болу — менің мақсатым. Әуелі Еуропада, содан кейін АҚШ-та танымал болғым келеді. Америкада бәрін басынан бастаймын. Алдағы уақытта АҚШ-қа бару жоспарымда бар».
Дрэг пен травестидің арасында айырмашылық бар. Мысалы, дрэг eleganza extravaganza, яғни әсіреленген сұлулықты қамтиды.
Дрэг-диваға айналу:
ДЕНЕМНЕН БАСТАЙМЫН: ерлердің дене тұлғасы әйелден ерекшеленеді. Жамбасымды шығару үшін поролон немесе силикон матрастан пішілген жолақтарды пайдаланамын. Оның жасанды екенін байқатпау үшін бірнеше қабат шұлық киемін.
Белімді көрсету үшін корсет киемін. Корсетпен билеу қиын, сондықтан оны тек киіп жүремін. Әрі қарай макияж жасаймын: әдетте контуринг, бейкинг (контуринг, бейкинг және мейкаптағы басқа да техникалар халық арасында танымал болмастан бұрын көп жыл бойы дрэг-шоуда пайдаланылды), ұзын жасанды кірпік тағып, ашық түсті опа-далап жағамын.
Әдеттегі макияж дрэг стиліндегі мейкаптан ерекшеленеді. Ерден әйел адамның кейпін жасау керек. Көрсетілімнің соңына дейін сақталатын ашық және тұрақты опа-далап қажет.
Ары қарай жасанды шаш, түрлі костюмімді дайындаймын. Бұл — қалауыңша образ жасауға арналған қарапайым нәрселер. Басқа да қажет киімді Қазақстаннан табуға болады, бірақ интернет арқылы сапалы әрі арзан киімге тапсырыс берген дұрыс.
Дрэг-шоу жайлы
Дрэг-куин еңбек жолын әдетте түнгі гей-клубтарда бастайды. Клубта өнер көрсетіп жүргеніме төрт ай болды. Бар күш-жігерімді жинап, екі клубқа өтініш жаздым. Бірінші клуб түнде тыңдалымға шақырды. Бардым, клубтың есігі жабық. Екінші клубқа барып, тегін өнер көрсеттім. Бірақ ол жақтан қайта хабарласпады.Кейін бірінші барған клубқа қайта шақырту алып, жұмысқа қабылдандым. Сол жерде өнер көрсете бастадым.
Спектакльдерге дайындық жиырма минуттан төрт сағатқа дейін созылады. Егер мен бүкіл денемді боясам (бірде спектакльге өзімді қызғылт түске боядым) онда шамамен үш сағат қажет. Базалық негізгі дайындыққа бірнеше минут кетеді. Мен образдарды алдын-ала жоспарламаймын, тек не киетінімді көз алдыма елестетемін.
Травести — ЛГБТ қоғамдастығындағы адамдар да біле бермейтін өте жабық қоғам
Травести шоуын қоятын гей-клубтардың Алматы, Астана және Қарағандыда барын білемін. Сахнаға шықпастан бұрын аудитория тым кішкентай деп ойлайтынмын, алайда мұндай шоуды ұнататын адам мен ойлағаннан да көп болып шықты. Қазақстанда травести мәдениеті 90-жылдардың басынан бері бар. Травести — ЛГБТ қоғамдастығындағы адамдар да біле бермейтін өте жабық қоғам. Шоудың танымал болмауы өкінішті, бірақ біздің елде осылай болғаны қауіпсіз.
Шоу түнде басталады, клубта шамамен 300 адам қалады. Көрерменіміз әртүрлі. Орташа статистикалық көрерменді сипаттау қиын, себебі клубқа ЛГБТ қоғамдастығының адамдары ғана келмейді. Қыздар да болады, кейде олардың саны жігіттерден көп.
Барлық перформанс липсинкқа негізделеді. Яғни әнді өзің айтып жатқандай аузыңды ырғағына, сөзіне келістіріп ашып-жабуың керек. Менің клубымда шоуға төрт әртіс қатысады, барлығын бірге істейміз. Шоуды бір куин жүргізеді, бірақ әрқайсымыздың бөлек нөміріміз бар. Образға енген әріптестерге әйел ретінде қараған дұрыс. Аптасына екі-үш күн өнер көрсетемін, мен үшін бұл жеткілікті. Сахнаға аптасына бес күн шығатындар да бар.
Бұл әлемге алғаш қадам басқанымда, дайын әнге аузыңды жыбырлату үшін таланттың қажеті жоқ деп ойлайтын едім. Уақыт өте келе жаныңды салып ән «орындау» үшін көп күш керегін түсіндім. Бұл сіз ойлағандай оңай емес.
Дрэг мәдениеттегі липсинктің орны
Nylon дерегіне сүйенсек, дрэг-мәдениетінде гей және транссексуал әйелдер басым. Батыс елдерінде өз жынысындағы адамға сезімін білдіру қалыпты болғанға дейін «куиндер әйел орындаушылардың даусын "қолдана тұруға" мәжбүр еді. Ойын-сауық саласындағы гипермаскулин ерлерге қарағанда өздерін әйел орындаушыларға көбірек ұқсататын. Дрэг-куиндер сезімін, ойын, қалауын еркін әнмен ғана білдіре алатын».
РуПол шоуында дрэг-куиннің ерекше белгісі пайда болғаннан кейін липсинк бұқара мәдениетке кең таралды. Қазір липсинк The tonight show with Jimmy Fallon шоуында баттлдарда және ТикТок сияқты әлеуметтік желілерде пайдаланылады.
Ең үлкен хейтерім де, ең адал жанкүйерім де — өзім
Перфоманс жайлы
Өнер көрсеткеннен кейін видеоларды қайта қарағанда өзімді мақтан тұтамын
Перформансқа келетін болсақ, ең үлкен хейтерім де, ең адал жанкүйерім де — өзім. Барлығы мінсіз болғанын қалаймын, бірақ робот емес екенімді үнемі еске салып отырамын. Өнер көрсетіп болған соң видеоларды қайта көргенімде өзімді мақтан тұтамын. Қойылымнан соң денем ауырады, әсіресе дроптан соң тізем шыдатпайды. Дропты дұрыс жасасаң ешқандай зиян тимейді. Менің денсаулығымды ойлап дроп жасамауымды өтінгендер бар. Бірақ маған бұл қимыл әсерлі әрі көрерменге қызық болғаны үшін ұнайды. Корсеттен қабырғаң, биік өкшеден аяғың, жасанды шаштың қатты резинасынан басың ауырады.
Осы орайда If it doesn't hurt, you are not doing it right (егер ол қиын болмаса, демек оны дұрыс істемей жатсың) дейтін жақсы сөз еске түседі. Қысқасы жаныңнан басқасының бәрі ауырады. Себебі аудиториядан алатын толағай күш бар. Мен үшін бұл — үлкен бақыт.
Бұрын клубқа келген көрермен үшін емес, өзім үшін өнер көрсететін едім. Әнімнен менімен бірге жиналған халықтың да рахаттанатынын түсінбеппін. Бірде көрермендердің бірі қасыма келіп «жақсы көңіл күй сыйлағаныңа рахмет, мені шабыттандырдың!» деп алғысын білдірді. Қуанышымда шек болған жоқ.
Өнер көрсете отырып, әртүрлі оқиғалар жайлы айтамын, барлық ән өзара байланысты. Мұны түсінетіндердің аз болғаны қынжылтады, өйткені барлық ән ағылшын тілінде. Мысалы, нөмірімнің бірін өзіңе деген махаббат, мықты болу тақырыбына арнадым. Алдымен Let’s have a Kiki әнін айттым, содан кейін нөмірімді Love Myself-пен жалғастырып, Feeling Good as Hell әнімен бітірдім.
Маған үнемі уақыт жетпейді. Йогамен, музыкамен айналысамын, кейде бағдарламалаймын, әртүрлі образ құрастырамын, инстаграм үшін видео немесе сурет түсіремін. Шоуға арналған костюмдер мен парик дайындаймын, әуен таңдаймын, өз нөмірімде қолдануға болатын ән немесе цитата іздеймін. Жұмысты хобби ретінде қабылдау қиын, себебі үйде дрэг жайлы ойлап, дұрыс демала алмаймын.
Күнделікті өмірім тұрақсыз: түнде клубта өнер көрсетемін, жұмысым мен жеке өмірімді тепе-тең ұстауға тырысамын, бірақ бұл қиын.
Күнделікті өмірім тұрақсыз: түнде клубта өнер көрсетемін, жұмысым мен жеке өмірімді тепе-тең ұстауға тырысамын, бірақ бұл қиын.
Макияж жайлы:
Үш айда бір рет 100-150 долларға дейін косметикаға тапсырыс беремін. Anastasia Beverly Hills, Morphe, Inglot, Kat Von D, Kryolan, театр гримін қолданамын. Опаның орнына ұнтақ қолданамын. Ұнтақ — сахналық образымды жасау үшін мінсіз құрал.
Мен көзбен көрген нәрсемнің бәрінен шабыттанамын. Үнемі айналамды бақылап, жан-жағыма зер салып, қарауға тырысамын, себебі шабыттың қайдан келері белгісіз. Тіпті қоқыс үйіндісіне қарап бірнәрсе ойлап табуым мүмкін.
Адамдардың көзқарасы
Көп жағдайда клубтағы адамдар жағымсыз пікір білдіреді, кейде инстаграмда да негатив пікір жазады. Күнделікті өмірде қарапайым киім киемін, боянбаймын. Тек күннен қорғайтын крем жағып, оның үстіне бетім жылтырамау үшін опа қолданамын. Ал сахналық образымды клубта дайындаймын, өнер көрсетіп болған соң қайтадан күнделікті киімімді киемін. Инстаграмда жағымсыз пікір білдіретіндер мен күткеннен аз. Ғадауаттап, мені жек көретіндер көп болады деп күткен едім. Бірақ керісінше маған қарағанда гетеросексуал болып көрінетін ер адамдардан күн сайын мақтау сөздер немесе сексуалдық астары бар хабарлама келеді.
Есесіне сахнада тұрғанда клубқа қаруланған адам басып кіреді деген ой тұрады. Клубтан шыққандарды ұстап алып, қала сыртына алып кеткендер жайлы көп әңгіме естіген едім... Оқиғаның ақыр соңы немен аяқталатыны белгілі. Қуанышыма орай, мен мұндай жағдайға кездескен емеспін. Қорқамын, бірақ супержұлдыз боламын деген арманым бойымдағы үрейді жеңеді.
Меніңше, күнделікті өмірде мені адамдар түсініксіз боянатын қыз деп қабылдайтын сияқты. Мүмкін шашым ұзын болғандықтан шығар, білмеймін. Жалпы, мен цисгендерлі адаммын, қызық.
Өмірімнің бұл тұсын туған-туыстарымнан жасырмаймын. Бірақ туғандарымның қатарына өте аз адам ғана кіреді. Ата-анам жоқ, туыстарымның ішінде тек әпкеммен араласамын. Бұл туралы айтқанымда ол не дерін білмей қалды. Бірақ 22 жыл ішінде менің ерекше шешімдеріме, ойларыма үйреніп қалды деп ойлаймын. Ортамда әртүрлі адамның барын, олардың әрқайсысының басқаша екенін түсінеді. Сондықтан жолым болды. Себебі Қазақстандағы адамның бәрі толерантты емес, нешетүрлі оқиғаны естіп келемін.
Өзіңе ұқсатар адамды таба алмау — жасөспірімдік шақтың ең қиыны
Репрезентация жайлы
БАР МӘСЕЛЕ ҚАЗАҚСТАН МЕДИАСЫНДА, ӘСІРЕСЕ ТАНЫМАЛ АДАМДАРДЫҢ АРАСЫНДА ЛГБТ-ҚОҒАМЫНЫҢ РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫНЫҢ БОЛМАУЫНДА. Нұртас Адамбай бар («Келинка Сабина» фильмінде әйел рөлін сомдайды), бірақ ол — дрэг емес, жай ғана комедия. Америкада РуПол бар, ол түрлі брендтермен жұмыс істеп, танымал медиада өз орнын таба білді. Соның арқасында мемлекетте гомофобия азайды. Бізде ондай адам, үлгі болатын тұлға жоқ.
Өзіңе ұқсатар адамды таба алмау — жасөспірімдік шақтың ең қиыны. ЛГБТ-қоғамдастығына кіретін адамдардың арасында күйзеліске түскендер көп, болашағын елестете алмағандықтан біразы суицидке барады. Бірақ болашағың өз қолыңда деп ойлаймын.
Таныстарымның арасында немен айналысқысы келетінін білмейтін немесе істеген жұмысынан ләззат алмайтындар көп. Ал мен өз қалауымды түсінемін әрі одан рахаттанамын. Әрине қазіргі жұмысым көп табыс әкелмейді, бірақ мені дрэг-мәдениеті қызықтырады. Жаспын, маған қымбат дүниенің қажет жоқ. Сүйікті дрэг-куиндерімнің бірі Trixie Mattel айтпақшы: дрэгтен титтей болсын қаттырақ жақсы көретін ісің болса, сонымен айналысқан жөн. Бірақ мен өзімді дрэг әлемінде ғана елестетемін.
Локация: Wizard Fotostudio
Комментарии
Подписаться