Тараздағы Назарбаев зияткерлік мектебінде филология ғылымдарының кандидаты, абайтанушы Омар Жәлелмен кездесу өтті. Іс шараның барысында ол қыздарды маркерге теңеп, оқушыларға білім алуды емес, бала тууды басты мақсат ету керегін айтты.

«Қыз баланың мұраты – өмір бойы оқып, "академик-доктор" болу емес, жастайынан бес зәруді бойына сіңіріп, "академик-докторларды" туып, тәрбиелеу. Қыз деген маркер ғой. Ол жазбай қалса, біз не істейміз? Әлбетте, тастай саламыз», — деді ол. Абайтанушының бұл сөзі НЗМ оқушылары мен әлеуметтік желі қолданушыларын ашуландырды.

Мектеп оқушыларының, интернет қолданушыларының рекциясы мен Білім және ғылым министрлігінің ресми мәлімдемесін жинадық.

Интернет қауымы


Лекцияға қатысқан 11-сынып оқушысы Аяулым Қанатбек «Неге 21 ғасырда мені бала конвейеріне теңеген адамның лекциясын тыңдауым керек?» — деп инстаграм-парақшасында ренішін білдірді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Сегодня меня сравнили с маркером ⠀ Сегодня к нам, на очередную встречу с выдающимися личностями, приехал Омар Жалелулы. Полный актовый зал. Дети, которые готовы услышать что-то значимое. Но вместо этого мы слышим: «Девушки не должны становится академиками, они должны рожать академиков». Почему в 21 веке я должна выслушивать лекцию о том, что я - конвейер для детей? О том, что я должна учиться не для того, чтобы добиться в этой жизни чего-то, а для того, чтобы я родила не тупого ребенка. ⠀ «Ердiн мураты елыне кызмет ету, ал айелдын мураты ерге кызмет ету»? Когда я спросила «Почему я не могу сразу служить своей стране без посредников», то ответ был таковым: Есть маркер. У маркера одна цель: писать. А когда маркер перестает писать, то мы выкидываем его. Также и с женщинами.? ⠀ При всем уважении, главная цель женщины - это та цель, которую она поставит перед собой. Это может быть карьера или дети, всё что угодно, но не то, что она, по мнению общества, ОБЯЗАНА. Девушки, не бойтесь говорить о том, что мы - люди, у нас есть ПРАВА, черт возьми. Давайте же их защищать в конце концов.

Публикация от Шмаяулым (@maya_shmaya)

Әлеуметтік желіде қарсылық белгісі ретінде НЗМ қыздарының жасаған арт-иллюстрациясы пайда болды.  Журналист Асем Жапишева оны твиттерде #Өзіңмаркер деген хэштегпен жариялады

Қазақстандық журналист әрі белсенді Сергей Дуванов бұл пікірдің гендерлік дискриминацияны насихаттау екенін айтты.

«Бұл "ақылгөй" адамзаттың жартысын білім алу құқығынан айырды. Әйелдердің сайлауға қатысу құқығы, мемлекетті басқару, митингілер мен өзге де азаматтық құқықтар туралы не ойлайтынын болжау да қиын. Ол өз уақытында тумаған: 200 жыл бұрын баға жетпес тұлға болар еді», — деп жазды Дуванов.

Саясаттанушы Ғазиз Әбішевтің айтуынша, ұл балалардың көзінше қыздарды екінші сортқа жатқызу — сексизмге әкеледі.

«Профессор Жәлелдің тезисі оның кафедрасының, факультетінің, тіпті университетінің позициясына сай келе ме деген сұрақ туады. Мүмкін бұл Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің позиясы болар? Быть может, это позиция Министерства образования и науки РК? Сұрақ орынды. Себебі білім беру жүйесінде гендерлік теңдікке байланысты заманауи құндылықтар алға тартылса, онда оқытушылар да оны білуі керек. 

Әрине, профессор Жәлелдің жеке ойы бар. Бірақ оның ортағасырлық пікірін мемлекеттік мекемеде кәмелетке толмаған жастар арасында таратуы қылмыспен тең», — дейді Әбішев.

Омар Жәлел


Омар Жәлел телефон арқылы берген сұхбатында позициясын түсіндірді. «Мен қазақы дүниетаным тұрғысынан сөйледім... Мұны тыңдап отырған аудитория екітүрлі болды. Қазақ аудиториясы мұны қиындықсыз қабылдады, ал орысша оқитын қыздар "біз неге елге қызмет етуіміз керек? деп шулады», — деді ол.

НЗМ


НЗМ-нің әкімшілігі Facebook-парақшасында әйелдердің қоғамдағы рөлі мен маңызы туралы абайтанушының пікірін қолдамайтынын жөнінде ресми мәлімдеме жасады

«"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы Тараз қаласындағы Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Аяулым Қанатбек ұстанымына қолдау көрсетіп, қазіргі қоғамдағы қыздардың миссиясы туралы өз пікірін жазған Instagram әлеуметтік желісіндегі постымен келіседі», — деп жазды.

Министрлік


Бұл мәселе бойынша Білім және ғылым министрлігі де пікірін білдірді: «Омар Жәлел өз сөзінде қыздардың қоғамдағы рөлі туралы айтты. Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі белгілі абайтанушы айтқан пікірімен келіспейді және оның ұстанымына қарсы.»

Сондай-ақ министрлікте абайтанушының мемлекеттік білім беру ұйымында қызмет атқармайтындықтан тәртіптік жазалау шаралары қолдана алмайтындығы айтылды.

«Іс-шараға сырттан адам шақырылған кезде білім беру мекемесі оқушыларға ұсынып отырған материалды шара басталмастан бұрын бекітуі керек», — деді министрлік.