Мекен-жайы: Орманова 133

Телефон нөмірі: 

+7 700 220 91 01

Орташа чек: 3500-4000теңге

Жұмыс уақыты: 11:00 - 01:00

Дизайны толықтай қазақи нақыштағы кафеде ұлттық тағамдардың түр-түрі бар. Жұмыс күндері сағат 12:00-ден 15:00-ке дейін түскі асқа 30% жеңілдік болады. Піскен нанның ішінде берілетін сірне  3200 теңге, бешбармақ 2000 теңге тұрады. Кафеде 3990 теңгеге қақталған сиыр, жылқы, үйрек етінен және қазыдан дайындалған «Жігіттер» деп аталатын ассорти бар.

Мекен-жайы: Мұратбаев 138

Телефон нөмірі: 

+7 702 481 00 01

Орташа чек:  3000 теңге

Жұмыс уақыты: 12:00 - 00:00

Кафенің дәстүрлі асханасы заманауи тамақ дайындау үрдісімен ұштасып жатыр. Мысалы, Baursak City салатында піскен қызылша, алмұрт, алмаға ірімшік араластырылады. Қандай мезгіл болмасын, кафеде 990 теңгеге Наурыз көже ішуге болады. Бұдан басқа ашыма көже де бар. Кафе қала қонақтары мен тұрғындарының ыстық ықыласына бөленген.

 Шах

Мекен-жайы: Гагарин даңғылы 292 Сәтбаев 5 Ақбұлақ шағын ауданы, Хан шатыр 287/1

Телефон нөмірі: 

+7 775 566 88 77; +7 775 818 15 05

Орташа чек:  5000 теңге

Жұмыс уақыты: 10:00 - 01:00

«Шах» мейрамхана кешенінің ас мәзірінен қазақтың ұлттық тағамдарын таба аласыз. Ерекше тағамдарды ұнататын жандар 3888 теңгеге карамель соусында әзірленген қой қабырғаларынан, 1388 теңгеге «Хасып-Асып» атты дәстүрлі қазақ шұжығынан дәм тата алады. Күн сайын сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін 20% жеңілдік көрсетіледі.

 Qazaq restaurant

Мекен-жайы: Достық даңғылы 210Б

Телефон нөмірі: 

+7 701 801 47 77

Орташа чек:  7000 -10000 теңге

Жұмыс уақыты: 11:00 - 00:00

Мейрамханадағы барлық сорпаның бағасы — 2000 теңге. Жылы бауырсақпен бірге берілетін хош иісті сорпа, жас бұзаудың етінен дайындалатын кеспе көже, классикалық қазақша нарын бар. Көп мейрамхананың ас мәзірінде жоқ, жаңа сойылған малдың етінен жасалатын қарын бөртпе тағамы мұнда шағын топ үшін әзірленеді. Бағасы  25000 теңге.

 Аспандияр Экспресс

Мекен-жайы: Абай даңғылы 30а

Телефон нөмірі: 

+7 747 151 74 79

Орташа чек:  2000 теңге

Жұмыс уақыты: 09:00 - 01:00

Басқа тамақтану орындарымен салыстырғанда «Аспандияр Экспресте» тағамдардың бағасы қолжетімді. Бешбармақ бар болғаны  1490 теңге, жылқы етінің қуырдағы — 1450 теңге.  1150 теңгеге жая, қазы қосылған қазақша салат бар.

 Abay

Мекен-жайы: Абай даңғылы 30а

Телефон нөмірі: 

+7 747 151 74 79

Орташа чек:  2000 теңге

Жұмыс уақыты: 09:00 - 01:00

Туристердің жиі баратын жері  «Көк Төбеде» орналасқан мейрамханадан қаланы жоғарыдан тамашалауға болады. Шаймен қоса 3000 мың теңгеге жент, ірімшік, құрт, чак-чак, тарыдан тұратын қазақша ассортиге тапсырыс бере аласыз. Балқаймақ та тіскебасарлардың қатарында ұсынылған.

 Qaimaq

Мекен-жайы: Абай даңғылы 46а

Телефон нөмірі: 

+7 777 016 44 44

Орташа чек: 4500 теңге

Жұмыс уақыты: 12:00 - 00:00

Бауырсақты қаймақпен беретін бірден-бір орын. Бағасы - 880 теңге. Мейрамхана қонақтарының көпшілігі бұл жерді айрықша интерьері үшін ұнатады. Qaimaq қазақтың тағамдарын ұсынып қана қоймай, оның дәстүрін де ұстанады: әр қонағына кетерде сарқыт береді.

 Rumi

Мекен-жайы: Абылай хан даңғылы 92а

Москва сауда кешені, 2-қабат

Телефон нөмірі: 

+7 771 110 58 58

Орташа чек: 1800 теңге

Жұмыс уақыты: 10:00 - 00:00

Дәмді палау орталығы саналатын Rumi-де бешбармақ өзгеше рецепт бойынша дайындалады: фетучини пастасының қамыры, сиыр еті, жая, қазы, тұздық. Қасына бауырсақ пен құрт қоса беріледі. Бағасы  2690 теңге. Ұсақ туралған сиыр еті, шампиньон, ірімшік, пияз, тортильядан әзірленетін қазақша пиццаны да осында табасыз. Бағасы  2090 теңге.

 Dastarkhan Food

Мекен-жайы: 

Наурызбай батыр 122/124

Телефон нөмірі: 

+7 727 267 37 37

Орташа чек: 1500 теңге

Жұмыс уақыты: тәулік бойы

Кафенің ас мәзірінде қазақи таңғы ас бар. Егер оған тапсырыс берсеңіз, қасына кофе сыйлыққа беріледі.

Мекен-жайы: 

Сейфуллин 500/79

Әл-Фараби 77/1

Абылайхан 58А

Телефон нөмірі: 

+7 777 355-11-11;

+7 777 306-11-11

Орташа чек: 3000 теңге

Жұмыс уақыты: 10:00 - 00:00

Қала тұрғындары Navat-ты шығыс елдерінің лебі есетін атмосферасы мен дәмді тағамдары үшін жақсы көреді. Шайханада фаворитке айналған тағам түрі  сүтті қамырдың негізінде дайындалатын хан самса. Ет қосылған хан самсаның бағасы  3850 теңге. Ас мәзірінде 1910 теңгеге тұздыққа салынған қайнатылған балғын сиыр еті де бар.

 Samal

Мекен-жайы: 

Горная 548 (Медеу)

Телефон нөмірі: 

+7 777 268 20 33

Орташа чек: 8000 теңге

Жұмыс уақыты: 12:00 - 00:00

Мейрамханада салтанатты кештерді, тойларды өткізуге арналған 180 адамдық банкет зал, жазғы терасса және балалалға арналған ойын бұрышы бар. Ас мәзірі тек қазақ асханасының тағамдарымен шектелмейді. Шағын ұжымға тағамдарды алдын-ала тапсырыс беруге болады. 3,5 кг қуырдақ  15000 теңге, 4,5кг бешбармақ — 35000 теңге тұрады.

 Тандыр

Мекен-жайы: 

пр. Дулати 104/1

Телефон нөмірі: 

+7 777 273 04 57

Орташа чек:  5000 теңге

Жұмыс уақыты: 12:00 - 00:00

Тандыр  ұлттық жәдігерлер жинақталған мейрамхана-музей. Ет тағамдары тандырда пісірілетіндіктен дәмі тіл үйірерліктей дәмді. Далада балалар үшін ойын алаңы бар.

 Qazaq Ayul

Мекен-жайы: 

Горная 586

Телефон нөмірі: 

+7 701 526-66-55

Орташа чек:  5000 теңге

Жұмыс уақыты: 12:00 - 23:00 (демалыс күндері 00:00-ге дейін)

Керемет көріністі тамашалай отырып, тамақтанғыңыз келсе, тау етегінде орналасқан бұл мейрамхана  таптырмас жер. Бір ерекшелігі мұнда аспаздың тамақ дайындағанын өз көзіңізбен көруіңізге болады. Әсіресе, ет қақтайтын істікте қойдың пісірілуі  әсерлі көрініс. Демалыс күндері қазақ халқының мәдениетінен хабар беретін шоу-бағдарламалар өтеді.


Мәтін: Жансая Алиева

Мұқаба: depositphotos