7 ақпанда Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Масанчи ауылында арты өлім және автокөліктер мен үйлердің өртенуіне әкелген ұлтаралық қақтығыс болды. Ал дүнгендер дәл қазір Қазақстан территориясынан көшіп жатыр.

7 ақпан


~ 14:10

Сортөбе ауылында полиция қызметкерлері күдікті автокөлікті тоқтатты. Тексерістің нәтижесінде жүргізушінің бірқатар құжатының болмағаны анықталды. Учаскеге бару керегін айтқан полицейлердің сөзіне құлақ аспастан жүргізуші қаша жөнелді. Полицейлер оның артынан қуып, тәртіп бұзушының үйіне келгенде жергілікті тұрғындардың шабуылына тап болды. Кейбір хабарламалар бойынша, шабуылдаған жергілікті тұрғындар — тәртіп бұзған жүргізушінің туысқандары. Жағдайды ұлтаралық фактор ушықтырды. Жүргізуші дүнген, ал полицейлер қазақ болған. Қақтығыстың екі қатысушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

~ 16:00

Әлеуметтік желілерде ауылдағы қақтығыстың алғашқы фото мен видеолары тарап жатыр. Онда кейбір үйдің өртенгені, көшеде адамдардың жаппай жиналғаны көрініп тұр. Видео тарағаннан кейін ауылға басқа басқа елді мекендерден 300-ге жуық адам келді.

~ 19:00

Полицияға Сортөбемен көршілес Масанчи ауылында жаппай төбелестің басталғаны туралы ақпарат келе бастады. Ауылға қосымша жасақ жіберілді.

~ 22:15

Қазақстан дүнгендері қауымдастығының төрағасы Хусей Дауров ауылда үйлердің жанып, адамдарды атып, ұрып-соғып жатқанын хабарлады. Полицияның жағдайды бақылауда ұстап отырғанын хабарлағанына қарамастан, Дауров ахуалдың тек нашарлап жатқанын айтты.

23:30

Полицияда жанжалдың тоқтатылғаны хабарланды. Бірақ желіде ауылда түсірілген қырғынның видеолары пайда болып жатыр. Сондай-ақ полиция шындыққа сай келмейтін қауесет пен ақпаратты таратпауға шақырды.

~ 23:33

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттерінде жағдайдың толықтай бақылауда екенін жазды.

8 февраля


~ 00:22

24.kg хабарлауынша, Қырғыстан Қазақстанмен шекарадағы бақылауды күшейтті. Қырғыз Республикасының Шекара қызметі Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қырғызстанның Шу облысының аумағымен шектесіп жатқан өткізу бекеттері, сондай-ақ Қырғыз-Қазақстан мемлекеттік шекарасына орналастырылған Қырғыз Республикасы МӨҚҚ бөлімшелері қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына ауыстырылғанын нақтылады. Ал Қазақстанның шекара қызметі бақылаудың күшейгенін хабарлаған жоқ.

~ 01:56

Қазақтанда WhatsApp мессенджерінің жұмысы нашарлады.

~ 10:32

Полиция мен ұлттық гвардия Алматыдағы «барахолка» деп аталатын Солтүстік сақинадағы көптеген базардың ауданын қоршап алды. «Ялян» ірі базары да жұмыс істемейді. Полиция қызметкері қоршаудың Қордай ауданындағы жанжалмен емес, өртке қарсы оқу-жаттығуларға байланысты екенін мәлімдеді. Бұл ретте «Ялянің» жанында өрт сөндіру машиналары байқалмайды. «Алатау» базары «санитарлық күндерге» жабық және келесі сейсенбі күні ашылады деп хабарлайды. Басқа базарлар да жабық.

11:43

Қасым-Жомарт Тоқаев қақтығысқа қатысты мәлімдеме жасады. Ол премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен Қордай ауданындағы оқиғалардың салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссияны күтуді тапсырды.

11:56

БАҚ-тан қақтығыстың нәтижесінже 11 адамның қаза болғаны туралы ақпарат тарады.

~ 12:10

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың хабарлауынша, Жамбыл облысы Қордай ауданының бірқатар елді мекендеріндегі тәртіпсіздіктер салдарынан сегіз адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алған.

ОКҚ брифингінде министр 7 ақпанда сағат 19:00-де Жамбыл облысы полиция департаментінің кезекші бөліміне Қордай ауданы Масанчи ауылының төңірегінде 70-ке жуық агрессивті тұрғандар жиналып, төбелес басталғанын хабарлады. Оқиға орнына Қордай АІІБ-нің қызметкерлері жетті, ал «арандатушылар мен куәгерлер қақтығысты видеоға түсіріп, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы азаматтарды заңға қарсы әрекеттер жасауға шақырды».

«Бұл қақтығыстың ушығуына және төбелеске қатысушылардың көбеюіне алып келді. Нәтижесінде көрші елді мекендерден 300-ге жуық адам келді».

Тұрғымбаевтың айтуынша, Масанчи ауылына қосымша полиция күштері жіберілді, бірақ төбелеске қатысушылар оларға белсенді қарсылық көрсеткен. «Бұзақылар металл заттарды, тастарды, атыс қаруын қолданды. Кейін қақтығыс Аухатты және Бұлан-Батыр ауылына жетті. Елді мекендердің периметрі және оларға кіретін жолдар бойынша автожолдарда блок-бекеттер қойылды».

Алдын ала келген мәліметтер бойынша, бұзақылық әрекеттерінің нәтижесінде 30-дан астам жеке үй, 15 сауда объектісі, 23 автокөлік зақымдалды. «Оқиға орнында тексеру жүргізіліп жатыр. Жедел-тергеу тобы құрылды, жанжал оқшауланып, 47 адам ұсталды, олардан екі аңшы мылтығы тәркіленді».

Министрдің айтуынша, барлық кінәлі адам жауапқа тартылады, сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 272-бабы (жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру және оған қатысу) және 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша жүргізіледі, ал елді мекенді қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция мен Ұлттық гвардия қызметкерлері патрульдейді. Елді мекендердің периметрі бойынша блокпостар қойылған.

«Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды», — деп мәлімдеді Тұрғынбаев.

~ 12:10

Брифингте Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қайғылы оқиғаның болғанын, адамдардың қаза тапқанын, мұның бәрі «тұрмыстық жанжалды этносаралық қақтығысқа айналдыруды көздеген арандатушылардың кесірінен» екенін айтты. «БАҚ – та тараған кез келген ақпарат басты ереже - нақтылық ережесіне сай болуы тиіс. Барлық ақпаратты біз сізге ұсынамыз», - деді министр.

Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев брифингте Қазақстан Республикасының Конституциясы ұлтаралық келісімді бұзатын кез келген іс-әрекетке тыйым салатынын және Конституцияның осы талаптарын сақтамау ұлттық араздықты және алауыздықты қоздыру, жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру және көрінеу жалған ақпарат тарату жөніндегі қасақана іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын айтты. Дембаев «осыған байланысты азаматтарды тыныштықты сақтауға, арандатпауға және шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратуға ықпал етпеуге шақырамын», - деді.

12:28

Қасым-Жомарт Тоқаев твиттерінде ауылдағы жанжал салдарынан қаза тапқандардың барын хабарлады және олардың туыстарына көңіл айтты. Тоқаевтың айтуынша, полиция мен ұлттық гвардия жағдайды бақылауға алды.

12:51

Ақпарат және қоғамдық даму министрінің мәлімдеуінше, тәртіпсіздікке «тұрмыстық қақтығыс» себеп болды. «Бұл тұрмыстық қақтығыс. Қазір тергеу шаралары жүріп жатыр. Олар аяқталған соң, полиция қызметкерлері сізге бұл жерде не болғанын хабарлайды. Сонымен қатар кімнің кінәлі әрі бұл жағдайдың неге орын алғанын айтадыі», — деді министр.

Сндай-ақ министр Алматы базарларындағы қауіпсіздік шараларын күшейтудің Жамбыл облысындағы қақтығысқа байланысты екенін хабарлады. Осыған дейін әлеуметтік желілерде барахолка аумағында тәртіпсіздіктерге шақыру таралған.

13:19

Негізінен ұйғыр және дүнген диаспорасы тұратын "Заря Востока" кентінде полицияның күшейтілгені байқалады. Дүкендер жабық, адамдар жоқ, мешіттің жанында силовиктері бар микроавтобус тұр. Полицейлердің бірі ауылда оқу-жаттығу өтіп жатыр десе, бірі қоғамдық тәртіпті сақтау шараларының ұйымдастырылғанын айтты.

13:40

Әлеуметтік желілерде қақтығыс болған ауылдардан кетіп, Қырғызстанның шекарасынан өтіп бара жатқан дүнгендер түсірілген видео тарады.

13:43

Кейбір БАҚ-тың хабарлауынша, Қазақстанның оңтүстігіндегі тәртіпсіздік кезінде WhatsApp-тың істемей қалған кездері болды. Дегенмен, VPN-нің көмегімен мессенджер іске қосылған.

14:14

Жамбыл облысындағы қақтығыстың салдарынан 18 адам қырғыздық аурухананың көмегіне жүгінгенін, оның 17-сі Қырғызстан азаматтары болған.

16:16

Қазақстан дүнген қауымдастығының төрағасы Хусей Дауров өткен түнде қаза болғандардың есімдерін хабарлады.

Олардың бірі — Сортөбе ауылындағы № 17 орта мектептің қазақ тілі мен информатика пәнінің мұғалімі Ясыров Мәлік, екеуі  Лохаш Лугман және Киров Исхар Булар Батыр ауылында тұрады. Сондай-ақ 31 жастағы Исыров Баху және 33 жасар Чонтей Абдул қаза тапты. Қаза болған басқа адамдардың есімдері ғана белгілі: Харсанов Рам, Шисыр Рахим және Хишанло Сулейман.

~17:40

Ұсталған 47 адамның 44-і босатылды. Бұл туралы Tengrinews премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевқа сілтеме жасап хабарлады. Сапарбаев мұны Масаншы және Сортөбе ауылдарының ақсақалдарымен кездесуде айтты. Ұсталғандардың не үшін жіберілгені айтылған жоқ.

18:20

Зардап шеккендердің жағдайы туралы Сапарбаев Сортөбе ауылында құрылған жедел штабтағы брифингте айтып берді. «Ауруханада 30 адам бар, үшеуі ауыр халде, біреуінің жағдайы тіптен нашар. Бес адам санавиациямен жеткізілді. Егер жағдайы нашар адамның халі жақсарса, оны да санавиациямен жеткіземіз», - деді Сапарбаев.

20:12

Жамбыл облысындағы тәртіпсіздіктерден кейін медициналық көмек сұрап келгендердің саны 137 адамға жетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров мәлімдеді.

Оның ішінде: 100 адам қаралып, амбулаторлық бақылауда, 37 адам стационарларда. Оның тоғызы реанимацияда, 18 адам шығарылады. Санавиация желісі бойынша алты адам Алматы клиникасына жатқызылды.

20:57

Қазақстанда бұғатталған Kloop.kg «Масанчидегі қақтығыстан қашқан қазақстандық дүнгендерді қырғыстандықтар қалай қарсы алды» деген материал шығарды. Онда Қазақстаннан кетуге мәжбүр болған дүнгендерді Қырғызстанның қалай қарсы алғаны жазылған.

Материал авторларының айтуынша, негізінен шекараны әйелдер мен балалар кесіп өткен.  Оларды қырғызстандықтар, көбінесе жергілікті дүнгендер тамақ пен су әкеліп қарсы алды. Автокөлігі барлар келгендерді Қырғызстандағы туысқандарына немесе өз үйлеріне алып кетті. «Барлық диаспора ат салысып жатыр. Аш қалмауы үшін ыстық тамақ дайындадық. Арандатушылыққа жол бермеуді басты мақсат еттік», — деді «Клоопу» қырғыз қауымдастығының төрағасы дүнген Кәрім Ханджеза. Сондай-ақ Ханджеза журналистерге тек Масанчи емес, басқа да төрт ауылдың зардап шеккенін, ондағы тұрғындардың қауіпсіздік іздеп, Қырғызстанға кеткенін айтты.

Шекарада күзет пен тәртіпті қамтамасыз ету үшін ондаған милиционер болды. Олардың бірі журналистерге 10 мыңға жуық адамды күтетінін айтты. 7 ақпаннан бастап адамдар шекарадан өтіп жатыр. "ЕГЕР СЕН ДҮНГЕН БОЛСАҢ, БӘРІ ҰРЫП-СОҒАДЫ. Бұрын мұндай болған жоқ", - деді Kloop.kg-нің сұхбаттасушысы.

Қырғыз еріктілері мен белсенділері құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірге шекарада кезекшілікті жалғастырып жатыр.

Материал толықтырылып жатыр.


МҰҚАБА: azattyk