Qazaqsha Мен телефон арқылы секс қызметін көрсетемін
Қазақстандық азаматша клиенттер, біртүрлі өтініштер мен табыс жайлы
Аударма 2019 жылдың 3 сәуірінде шыққан материал бойынша жасалды
Технология дамып жатса да Қазақстанда вебкам-модельмен виртуалды әңгімелесу немесе порно көру емес, телефон арқылы сырласуды ұнататын адам баршылық.
Біз Алматыда екі жылдан бері телефон арқылы секс қызметін көрсетумен айналысатын оператор-қызды тауып, оның оқиғасын жазып алдық.
Материал 18+.
Текст
Анар Султанова
Текст
Екатерина Маслова
Иллюстрации
Ананас Ананасович
Қалай бастау керек
Менің атым Диана, жасым 23-те. Екі жыл бұрын айлығы 120 000 теңгелік колл-центрдегі жұмыс жайлы хабарландыруды көзім шалып қалды. Кеңсе «Алматы-2» вокзалының жанында еді. Келдім, кеңсені таптым, кабинетте қырық жас шамасындағы ер азамат отырды. Сәлемдесудің орнына ол: «Секс-оператор болып істейсің бе?» деп сұрады. Бұл мен үшін тұрпайы көрінді. Жезөкшелік қой! Одан бас тарттым.
Бір айдан соң қаржылық жағдайым тым нашарлап кетті. Көзқарасымды өзгертіп, сұхбаттасуға қайта барайын деп шештім. Қайткенмен де жеңіл ақша, оның үстіне ешқайда шығудың да қажеті жоқ. Клиенттер атыңды да, түріңді де білмейді.
Вокзал жақтағы кеңсеге оралдым. Маған «жоқ» дейді немесе бірінші барғанымда өзінше болып, келіспей кетіп қалғаным үшін күлкіге қалдырады деп қорықтым. Бірақ жолым болды: осыған дейін көрген ер адаммен емес, бұл жолы жас әйелмен сөйлестім. Кейін оның бәрінен де тәжірибелі оператор екенін білдім.
Кастинг кезінде менен бір фильмнің мәтінін мәнерлеп оқып беруді өтінді. Оны сенімді орындап, іріктеуден өттім. Мені жұмысқа дауысым үшін алды, түрім мен салмағым оларды қызықтырмады. Операторлар жезөкшелер сияқты әдемі болмауы мүмкін, бірақ олардан білім мен сауатты сөйлеу талап етіледі, сонымен бірге тыңдай білу керек, ашықтық пен жарқындық қажет.
Мені жұмысқа дауысым үшін алды, түрім мен салмағым оларды қызықтырмады
Жұмыс жайлы
Әдетте күндіз маникюр жасаймын, достарыммен бірге тамақтанамын және басқа жұмыстарымды бітіремін, ал кешке клиенттер хабарласатын жұмыс телефонымды қосамын. Оларға үнемі тек жыныстық сергіту қажет емес. «Кемедегінің жаны бір» демекші, арамызда тек телефон болғандықтан, клиенттер қорқыныш пен қиялдарын айтудан сескенбейді. Тіпті, әйелдер де хабарласып тұрады, олармен сөйлесу бәрінен де қатты ұнайды. Оларға ешкім жылы сөз айтпайтынын естіп жатамын, нәтижесінде әйелдер өздерінің тартымдылығын сезінбей қалады.
«Кемедегінің жаны бір» демекші, арамызда тек телефон болғандықтан, клиенттер қорқыныш пен қиялдарын айтудан сескенбейді
Басында тұйық болғанмын, уақыт өте келе етім үйреніп кетті. Қазір үйден жұмыс істегенде құрбыларымды қонаққа шақырып, олармен карта ойнап отырып та клиентпен сөйлесе аламын.
Тәжірибе артқан сайын клиентке не айтып, нендей затқа екпін қою қажет екенін түсінесің. Уақыт өте келе ваттпад пен фикбукте көптеген эротикалық фанфик оқыдым, түрлі автордың стилін көшіріп, енді соны жұмыста қолданамын.
Егер қандай да бір дыбыстарды шығару керек болса, қолда бар кез келген затты пайдаланамын. Мысалы, мастурбацияны келтіру үшін саусақтарымды ерніме тигізіп, оларды соғып отырамын. Клиент расымен де мастурбация жасап отыр деп ойлағанда мен әдетте төсекте жатамын немесе үстел алдында отырамын.
Жарты сағаттық әңгіме үшін үш мың теңге аламын, күніне мұндай сеанстардың саны кемінде үшеу болады. Кейде жұмысқа ертерек шыққанда одан да көп тауып жатамын. Телефонда әр кеш сайын отырамын, бірақ табыс тұрақты дей алмаймын. Тұрақты клиенттер бонус ретінде картама жиі ақша жібереді.
Алғашқы уақытта достарымнан қарыз алуға немесе олардың үйінде тамақ ішуге тура келетін. Қазір өзімді көрсете алдым. Бонустардың арқасында табысым аз емес. Нақты санын айтпаймын, бірақ бәріне жетеді. Бұл жұмыстың арқасында көп ақша табуға тез үйреніп кеттім. Сондықтан енді толық жұмыс кестесі бар қарапайым жұмысқа бармайтыным анық.
Жалғыз кемшілік — эмоционалды құлазу. Клиенттердің жиіркенішті ойлары мен проблемаларына бас қатырып жүргенде жын ұрып бара жатқандай сезінесің. Қарапайым өмірде үнемі назарыңды басқа нәрсеге аударып, өз-өзіңмен күресуге тура келеді.
13 жастағы қыздың образына кіріуімді өтінген клиент қатты есімде қалыпты
Клиенттер жайлы
Екіжылдық жұмысымда көп адамды кездестірдім. Әйелдер, еркектер, жастар, кәрілер, ерігіп немесе бір мәселе бойынша телефон шалады. Негізгі клиенттер — қазақстандықтар, бірақ кейде басқа елден хабарласатын адамдар да болады. Мысалы, Америкада тұрақты клиент бар. Бірде ол менің спермадағы түрімді елестеткісі келді, сол үшін бетіме соған ұқсайтын бірнәрсе жағуды өтінді. Үйде йогурт болды, оны өз бетім мен саусақтарыма қатты шөлпілдетіп ағыздым. Бұл жаңа клиенттің сұрауы болса, бас тартар едім, бірақ ол тұрақты адам болды. Оның үстіне бонуспен жүз доллар салып жіберді.
Ерсі өтініш бұл ғана емес. Кейбір ер адамдар өздерін әйел аттарымен атауын сұрайды. Ал басқа бір еркек телефон шалып, нәжісімді суреттеп беруімді сұрады. Аяқ аясты ойлап табуға тура келді. Соңында сенген сияқты. 13 жастағы қыздың образына кіріуімді өтінген клиент қатты есімде қалыпты. Ләззат алғаннан шыңғырып, онымен уақыт өткізгеннің қандай жақсы екенін суреттеу керек болды. Жиіркенішті, әлі күнге дейін тапсырыстан неге бас тартпағанымды түсінбеймін.
Қайткенмен де жеңіл ақша, оның үстіне ешқайда шығудың да қажеті жоқ. Клиенттер атыңды да, түріңді де білмейді.
Ваннадағы мастурбация кезінде ұсталып қалған қарындасын ойнап беруді сұраған клиент болған. Маған ақша табу ұнайды, бірақ осындай тапсырыстардан бас тартамын. Мұндайды сипаттаған ұнамайды.
Жай ғана өмір жайлы сөйлесетін клиент бар. Ол сәулетші болып жұмыс істейді және жұмыс жоспарлары туралы жиі айтады. Онымен ешқандай анайы, ойнас әңгіме жүрмейді. Бір күні біз рольдерімізді ауыстырып, мен армандарын тізіп жатқан клиент, ал ол оператор болды. Мен ешқандай тұрпайы зат айтпадым, қайта әңгімем аңқау қыздың арманына ұқсады. Яхтамен теңізде болған романтикалық демалыс жайлы айтып бердім. Әңгімелесулерден кейін жаным босап, «Сайтан алғыр, мен өзі немен айналысамын?» деген сауал туындайды. Клиентке бауыр басудан қорқамын. Себебі ол кезде сәулетші жігіт жай ғана клиент болудан қалады, ал жеке өмір мен жұмысты араластырудан аулақ болу керек.
Жеке өмір жайлы
Менің жігітім бар. Ең басында жұмысым жайлы айтуға батпай жүрдім. Бір күні бар жігерімді жинап, онымен сөйлестім. Қуанышыма орай ол сабырлы жауап қатты, мұның табыс көзі екенін түсінді. Жұмыс біздің қарым-қатынасымызға бір жалын сыйлап тұрады. Бірақ кейде ол мені тұрақты клиент алып кетеді деп қорқатын сияқты.
Тіпті, бір күні ол ақымақтық жасады. Жұмыс нөміріме қоңырау шалып, өзін басқаша атады. Дауысы таныс болғанына қарамастан әуелі ештеңе түсінбедім. Кейін жігітім жай ғана қалжыңдағысы келгенін айтты. Сол кезде мен өзімді лас және дұрыс емес сезіндім.
Оператор — психолог сияқты
Жоспарлар жайлы
Мен көптеген комплекстерімнен айырылдым, өзіме сенімдірек болдым. Бұрын өзімді ешқашан тартымды деп ойламағанмын, бірақ қазір тартымдылықтың тек сырт келбет емес, ішкі қуат та екенін түсіндім.
Әлі қанша уақыт оператор болып істейтінімді білмеймін. Әзірге бұл менің жеке өміріме кедергі келтірмейді. Мұнымен айналыса бере аламын. Бірақ бұл жұмыстың менің өмірімнің тек кішкентай бөлігі екенін түсінемін, келешекте басқа нәрселерді де істеп көргім келеді. Менде бакалавр дипломы бар, енді психология бойынша магистр деңгейін алғым келеді. Бұған операторлық жұмысым шабыттандырды. Клиенттерді тыңдап, оларға кеңес береміз ғой. Сондықтан оператор — психолог сияқты.
Комментарии
Подписаться