Республикалық Қан орталығы әлеуметтік желілерде қан тапсыру қажеттігі жайлы ақпарат таратпауды өтінді. Хабарламада "Алматы мен Алматы облысы ауруханаларындағы қан қоры зардап шеккендерге жеткілікті. Қан тапсыру қажеттілігі жайлы ақпаратты таратпауды өтінеміз. Қан орталықтарына көп адам келді" делінген.

View this post on Instagram

Дорогие сограждане! В связи с чрезвычайным происшествием- крушением самолета, утром 27 декабря 2019 года в 07:22 рейс №Z2100 авиакомпании Бэк эйр по направлению Алматы - Нур-Султан ИНФОРМИРУЕМ: Запасов донорской крови в больницах Алматы и Алматинской области достаточно для всех пострадавших. Убедительная просьба, не рассылать сообщения о необходимости сдавать кровь. В центры крови уже пришло очень большое количество людей. Всем большое спасибо за отзывчивость!

A post shared by Республикалық қан орталығы (@rck.kz) on

Еске саламыз, Bek Air ұшағының құлауына байланысты донорлық қан жинау жайлы ақпарат жарияланған. 27 желтоқсан сағат 07:22-де Алматыдан астанаға бағытталған Bek Air ұшағы ұшу кезінде биіктікті жоғалтып, бетон қоршауды тесіп, екіқабатты ғимаратқа соғылған. Бортта 95 жолаушы болған. Қазірде 16 адамның қаза тауып, 66 жолаушының зардап шеккені белгілі. Олардың арасында балалар бар.


Біздің Инстраграмға жазылыңыз


ОБЛОЖКА: александр цой