Қазақстанда Fokker-100 ұшағының рейстеріне тоқтау салынды, деп хабарлайды Tengrinews. «Оқиғаның мән-жайы анықталғанша бұл типтегі ұшақтардың рейстері тоқтатылды», — делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде.

Авиакомпанияның паркі Fokker-100 ұшақтарынан құралған.

Tengrinews. «Оқиғаның мән-жайы анықталғанша бұл типтегі ұшақтардың рейстері тоқтатылды», — делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде. Авиакомпанияның паркі Fokker-100 ұшақтарынан құралған.

Fokker-100 ұшағы жайлы не белгілі:

  Бұл ортамагистральді (2 500 бен 6 000 шақырым арасында ұшатын— Ред.) нидерланд Fokker компаниясының ұшағы;

 Әуеге алғаш рет 1986 жылдың 30 қарашасында ұшқан;

 1997 жылы ұшақ өндірісі тоқтаған.

Fokker-100 ұшағы қатысқан инциденттер:

 05.03.1993, Скопье, Македония. Ұшақ қанаттары мұзданып, биіктік жинау барысында құлаған. 83 адам қаза тапқан.

 31.10.1996, Сан-Паулу, Бразилия. Ұшақ биіктеген кезінде бірінші қозғалтқыш реверсінің (кері тартым жасайтын құрылғы; қону барысында немесе шұғыл тоқтау кезінде қолданылады — ред.) өздігінен қосылу салдарынан құлаған. Ұшақ қаладағы халықтың тығыз орналасқан ауданына құлағандықтан борттағы 95 адам мен жердегі төрт адам қаза тапқан.

 15.01.1998, Исфахан, Иран. Әуежайдан 10 шақырым жердегі кеуіп кеткен өзен арнасына қонған. Оқиғадан кейін бөлшектеліп сатылған. Жапа шеккендер жоқ.

 23.05.2001, Даллас, АҚШ. Қону барысында шасси бағанасы сынған. Себебі: зауыттан шыққандағы ақау. Жапа шеккендер жоқ.

 30.08.2002, Биригуи, Бразилия. Ұшақ жанармайы ағып, ұшу кезіндегі қозғалтқыштардың тоқтауынан жазық далаға қонған. Жапа шеккендер жоқ.

 30.08.2002, Сан-Паулу, Бразилия. Ұшу кезінде гидравлика істен шыққан. Ұшақты шығарылмаған шоссимен отырғызуға тура келген. Қаза тапқандар жоқ.

 29.06.2005, Лагос, Нигерия. Ұшақта гидравликамен қиындықтар туындаған, шасси бағанасы сынған.

 25.01.2007, По, Франция. Мұздану кесірінен ұшақ тұрақтылығын жоғалтып, ұшу жолағынан тыс сырғып жүк көлігіне соғылған. 1 адам қаза тапқан.

 02.01.2008, Тегеран, Иран. Боран кезінде ұшып бара жатқанда жолақтан сырғып кетіп, өртенген.

 14.09.2009, Штутгарт, Германия. Апатты қону, лайнер ауыр зақым алған, бірақ құрбандар болмаған.

 26.08.2010, Тебриз, Иран. Ұшақ ұшу жолағынан тыс сырғып, орға құлаған.

  25.12.2012, Хехо, Бирма. Тұман салдарынан ұшу жолағының орнына жолға қатты қонған. Екі адам қайтыс болған.

 28.03.2014, Бразилиа, Бразилия. Гидравлика істен шыққан, ұшақта шасси шықпаған. Жапа шеккендер жоқ.

10.05.2014, Мешхед, Иран. Шоссидің сол бағанасы алынбағандықтан мәжбүрлі қону.

11.05.2014, Ганла, Нигер. Ұшақ қатты отырған. Жапа шеккендер жоқ.

27.03.2016, Астана, Қазақстан. Ұшақтың конструктивті-өндірістік дефекті (шоссидің алдыңғы бағаны шығарылмаған) салдарынан апатты қону. Құрбандар жоқ.


Читайте наш Телеграм-канал 


обложка: qazaqstan.tv