UPD: аман қалған жолаушының айтуынша, құлау кезінде ешкім дауыстап нұсқау айтқан жоқ.

27 желтоқсанда сағат 07:22-де Алматыдан елордаға ұшып бара жатқан 95 жолаушысы бар Bek Air ұшағы биіктігін жоғалтып, бетон қоршауды түйіп өтіп, екіқабатты құрылыспен қақтығысты. Кейбір деректер бойынша, бұл құрылыста ешкім болмаған. Апат кезінде қаза болғандардың саны 15 адамға дейін өсті, 23 адам жарақат алды. Олардың ішінде балалар бар.

Біз куәгерлер мен жапа шеккендердің коментарийлерін жинадық.

Ең бірінші жарияланған видеолардың бірінде оқиға куәгері апат орнында бірде-бір медицина қызметкерінің жоқ екенін айтады. «Күзет машинасы балаларды алып бара жатыр. Адамдар жедел жәрдем сұрап жатыр, бірақ олар жоқ, мәйт көп. Көбі құтқарылды, құтқарушылар жұмыс істеп жатыр».

Басқа куәгер апат орнында жүрген құтқарушылардың ешқайсысы сұрақтарға жауап бермегенін айтты. Артқы фонда біреудің қалалық медициналық қызмет жайында сұрағына басқа адамның «Жоқ ол», — деген жауабы естіледі.

10.25-те Mash телеграм-каналында ұшақтың жолаушыларының бірі Гүлнар Кошенованың әңгімесі жарияланды.

«Біз биіктей бергенде ұшақ қатты селкілдей бастады, нәтижесінде әлдеқандай қақтығыс болды. Шайқалып жатқанда бәрі құлай бастады. Мен қауіпсіздік техникасы бойынша еңкейіп отырдым, басымды көтерген кезде айналамда ақ түтінді көрдім. Айқай. Біреу апат есігін сындырып, бәрі сыртқа жүгіріп шықты.

Зардап шеккендер көп. Балалар болды. Сынған аяқ-қол, қан, бәрі ол жерден шошынып қашты… Біз 911-ге қоңырау шалып, әуежайдан не болғанын білгіміз келді, ал әуежай, апаттан хабарсыз еді.

Алдымен әуежайдан екі секьюрити, өрт сөндірушілер келді, содан кейін жедел жәрдем жетті. Жедел жәрдемді өте ұзақ күттік.

Суық, қараңғы болды, әрі ештеңе көрінбеді. Ұшақтан шыққанда даланы ымырт басқан. Автобус келіп, жүруге шамасы жеткен адамдарды алып кетті. Жедел жәрдем науқастарды зембілде тасымалдады».

12:00-де Bek Air компаниясы көңіл айтып анонимді жіберілімге жауап бермеуді өтінген ресми хабарлама жариялады

Апаттың нәтижесінде кем дегенде 15 адам қаза болды. 66 жолаушы жарақаттанды. Олардың арасында балалар бар.

Алматыда бүгінгі авиаапаттан зардап шеккендерге шұғыл түрде қан донорлары керек:

— Алматыдағы Қан құю орталығының мекенжайы: Бұхар Жырау көшесі, 47- үй, тел: 274-31-99.

— Алматы облысының Қан құю орталығының мекенжайы: Қаскелең, Абылай хан көшесі, 42-үй.


Біздің Инстаграмға жазылыңыз


ОБЛОЖКА: newtimes.kz