Bek Air-дің рейсімен Астанаға ұшқан журналист Дана Круглова қаза болды
Бүгінгі авиаапатта Informburo.kz сайтының шығарушы редакторы Дана Круглова көз жұмды.
Еске саламыз, бүгін таңғы жетіде Алматы облысында Bek Air компаниясының жолаушылар ұшағы құлады. Апаттың нәтижесінде 15 адам қаза болып, 66 пассажирдің жарақат алғаны хабарланды. Алматыдан Астанаға қарай жол тартқан Bek Air-дің Fokker-100 жолаушылар ұшағы биіктігін жоғалтып, бетон қоршауға қақтығысып құлаған. Экипаж мүшелерін қосқанда бортта 100 болды.
Комментарии
Подписаться