Алматыда белсенділер «Ел басынан шiридi» деген баннер ілді
Қазақстаннаң Тұңғыш Президенті күні — 1 желтоқсанда таңғы сағат 5:00-де алматылық белсенділер Сайын мен Шаляпин көшелерінің қиылысында «Ел басынан шiридi» деген жазуы бар баннер ілді.
«Бұл акция арқылы республиканың тағдыры біздің қолымызда екенін халыққа көрсеткіміз келді. Бізді қанағаттандырмайтын нәрсеге «жоқ» дейтін құқығымыз, сөз бостандығымыз бар. Біз бұл бостандықты қорғаймыз.
Бүгінде елде бой алған заңсыздық, жемқорлық пен зорлық, өршіген кредиттік, ипотекалық қарыздарға қарамастан біз «Тұңғыш президент күнін» дүркіретіп тойлаймыз.
Оқушылар, студенттер мен мемлекеттік қызметкерлер ұлт көшбасшысына деген ықыласы мен сүйіспеншілігін білдіруге мәжбүрленеді. Астана мен көше атауының өзгертілуі, ескерткіштер пен портреттердің орнатылуы, ондаған жыл бойы биліктің бір адамның қолында болғаны — бәрі-бәрі жеке басқа табынуға алып келді. Қазақстан дәл осындай «жарқын болашақ» үшін тәуелсіздікті аңсаған жоқ. Қазіргі қоғамдағы дағдарыстық күй бүкіл саяси жүйнің өзгеруін қажет етеді. Мықты мемлекеттің концепциясы, ең алдымен, азаматтардың президентіне деген сеніміне негізделеді. Ал бізде мұндай сенім жоқ», — дейді белсенділер.
Баннердің авторлары белгісіз.
Комментарии
Подписаться