Qazaqsha«Орташа ауыр емес»: Қазақстандағы адам зорлау оқиғалары және оларға қатысты үкімдер
Жалғыз «Тальго» емес
19 жыл бұрын Қазақстанда Қылмыстық кодекске өзгеріс енгізілді — адам зорлау ауыр қылмыс тобынан орташа ауыр қылмыс түріне ауысты.
2019 жылдың алты айында елімізде 647 зорлау жағдайы тіркелді (ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметі). Жарты жыл ішінде қылмыстың осы түріне барған адамдар саны 405-ті көрсетеді.
«Тұлпар Тальго» пойызында зорланған қыз жайлы іс дүрбелең тудырды: зорлықшыл-жолсеріктер 2,5 жылға сотталған. Құқық қорғаушылардың, танымал тұлғалардың, әлеуметтік желілерді қолданушылар мен саналы ақыл иелерінің ойынша — бұл өте жеңіл жаза.
Белсенділер Мөлдір Албан және Оспан Фариза Алматы қаласы әкімдігіне арызданып, 18 тамыз күні «Сары-Арқа» артында митинг өткізуді сұрады. Митингінің тақырыбы — ҚР ҚК-нің 120-шы бабы «Зорлауды» ауыр қылмыстар тобына қайтару.
Біз Қазақстандағы қоғам назарына іліккен бұдан да басқа зорлық істерін тауып, олардың қандай жағдайларда орын алғанын және қандай үкімге іліккендерін білдік.
Жалғызбасты ана және жесірдің зорлануы
Үкім: 2,5 жыл
Бұрынғы әріптесі зорлаған алматылық әйел лейкемиямен ауыратын болған және екі рет инфаркт алған. 2005 жылы ол егіз балаларын жер қойнына тапсырады, ал 2011 жылы күйеуінен айырылады. Зорлық оқиғасы орын алған уақытта ол жиыстырушы әйел болып жұмыс істеп, времянкада бөлме жалдап тұрып жатқан.
Зардап шеккен әйел мен зорлық жасаушы бұрын таныс болған. Әйел бұған дейін кафеде әкімгер, ал еркек — жүргізуші болып жұмыс істеген. Сотталушының тарапынан жасалған қуғындаулар мен тиісулердің салдарынан әйел жұмыстан шығып кеткен. Бес жылдан кейін еркек әйелдің мекенжайын біліп алып, ҮЙІНІҢ МАҢЫНДА СОҚҚЫҒА ЖЫҒЫП, ЗОРЛАП, ол аздай ұялы телефонын ұрлап кеткен. Айыпталушының туысқандары келісімге келу үшін үш миллион ақша ұсынған. Зардап шегуші келісімін берген, алайда оның сөзіне қарағанда, әйелге тек 500 000 теңге төлеген.
«Кезекті отырыстың бірінен соң ол маған тіл тигізіп, әкесінің құқық қорғау органында жұмыс істейтінін айтты. Сол кезде оған кешірім бермеймін және келісімге де келмеймін деп шешім қабылдадым. Ол мені зорлап, соққыға жығып, тонап кетті. Сондай-ақ достарын да шақырып мені зорлататынын, бәрібір де өмірімнің аз-ақ қалғанын алға тартты», — дейді әйел.
2018 жыл 26 қараша сот — ЕКІ ЖЫЛ ЖӘНЕ АЛТЫ АЙ ЕРКІНДІГІНЕН АЙЫРУ деген үкім шығарды. Бұдан соң әйел «Үнсіз қалма» қоғамдық қорына, олармен бірге Алматы қалалық сотының шағым алқасына жүгінеді. Алайда үкім өзгеріссіз қалады. Сотта «Сот айыпталушының шын жүректен өкінуін, кінәсін толық мойындауын, кішкентай балаларының барын, сондай-ақ бұған дейін сотталмағанын жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырды», — деп түсінік берілді.
Жұмыс берушінің қарамағындағы қызды зорлауы
Үкім: қыз үш жылға сотталды
2017 жылдың тамызында 19 жасар Елена Иванова өзі жұмыс істеген құрылыс фирмасының қожайыны зорлық қылғаны туралы мәлімдейді.
Айтуынша, қыз Жоғарғы Үбі ауылындағы құрылыс алаңына сылақшы болып жұмысқа тұрады. Еленаның сөзіне қарағанда, бастығы — бұрынғы депутат Ержан Ысқақов бұған дейін де қызға бірнеше рет тиіспек болған. 5-ші тамыз күні таңертең ол қызметкерін нысанның екінші қабатына шақырады да, сол жерде зорлайды. Бойжеткен жұмыстан кетіп, полицияға арыз жазады. Сараптама зорлық жағдайының болғанын растайды. Ысқақовтың нұсқасы бойынша, жыныстық қатынас екіжақты келісім бойынша болған. Сондай-ақ фирма қожайыны мұндай у-шуды осы қыз бұған дейін қарамағында жұмыс істеген балдызы әдейі жоспарлады дегенді алға тартты. Ысқақов өз туысқанын бұрынғы өкпесіне бола осылайша сөз таратты деп айыптады.
Әуре-сарсаңы көп болғандықтан, істі жауып тастады. «Үнсіз қалма» қозғалысы құқық қорғаушыларының көмегімен Иванова Бас прокуратураға және «Нұр Отан» партиясына шағымданды. Сонымен қатар, президентке бейне жолдау жазып, ҚР ішкі істер министрлігіне хат жолдады.
Иванованың ісі ҚЫЗДЫ ЖАЛҒАН СӨЗ ТАРАТҚАНЫ ҮШІН, ал Қатпановты — өсек-аяңды ұйымдастырғаны үшін айыптаумен аяқталды. Біріншісін үш жыл бас бостандығынан айырса, соңғысына — 3,5 жыл берілді.
Қоғамдық дәретханада зорланған қыз
Үкім: 3,5 жыл
2019 жылдың наурызында «Медеу» мұз айдынындағы қоғамдық дәретханада қыз бала зорланды. Қылмыскер Алматылық 1988 жылғы азамат болып шықты. Ол бұған дейін де жеті рет құқық бұзған — олардың екеуі осы секілді жағдайлар, ұрлық, қарақшылық шабуыл және алаяқтық.
Құрбыларымен сөзге келіспей қалған бойжеткен әмияны мен телефонын ұмытып, кетіп қалады. Ол жайлы едәуір ұзап кеткеннен кейін ғана есіне түседі. Жас жігіт қызды үйіне жеткізіп тастауға ұсыныс жасайды. Жолай екеуі машинаның ішінде әңгімелесіп отырады. Жігіт қызды таңертең «Медеудің» маңындағы кафеге тамақтанып қайтуға шақырады — қыз келіседі. Кездесу кезінде қыз қоғамдық дәретханаға кіреді. Ол кабинкадан шыға бергенде, жігіт кеудесінен итеріп ішке кіргізіп, тұншықтырады да, дәл сол жерде зорлайлы. Полиция күзетінің кезекшілері оларды жұп ретінде қабылдайды, алайда қатты қорыққан қыз 102-ге хабарласып, арыз түсіреді.
Зорлық жасаушы 300 АЕК кепілзат кепілімен босатылады, дегенмен де 10 күннен кейін сот бұған дейінгі құқық бұзушылықтарын ескере отырып, шешімін өзгертеді. АЙЫПТАЛУШЫНЫ ЗАРДАП ШЕГУШІГЕ МОРАЛЬДЫҚ ҚЫСЫМ КӨРСЕТКЕНІ ҮШІН 300 000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕМ ЖАСАТЫП, 3,5 ЖЫЛҒА ОТЫРҒЫЗДЫ.
Жігітке бұған дейін заң бұзғаны үшін кесілген үкімдер тараптардың татуласуымен, мерзімінен бұрын шартты босатумен және бостандығын шектеумен аяқталған.
Жасөспірімдердің ұл баланы зорлауы
Үкім: 7 жыл
Үш айыпкерді босатып жіберген
Абай ауылында зорланған бірінші сыныптың баласы туралы іс бүкіл елге тарады. БАҚ мәліметі бойынша, жоғарғы сынып оқушылары баланы бұған дейін де ұрып, зорлаған.
13 наурыз күні ҚР БЖҒМ-не сараптама жүргізілгені және зорлық фактілері анықталмағаны туралы хабарлайды. Екі күннен кейін мұның алдын ала берілген ақпарат екені анықталды. Іске қоғам қайраткері Аружан Саин және бұрынғы балалар омбудсмені Зағипа Балиева араласты.
14 наурыз күні кешкісін оқушының әжесін және өзін Алматыға тәуелсіз сараптамаға кетіп бара жатқан жерлерінен пойыздан түсіріп алады. Кейін ІІД-де оларға баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Кәмелет жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізу туралы өтініш келіп түскені түсіндірілді. Алайда, қоғамдық қорғаушы Дінмұхамед Артықовтың нұсқасы бойынша, вокзалда оларға 20-30 шақты адам келіп, күштеп ІІД-не жеткізген. 15 наурызда бала әжесі және тәтесімен бірге астанаға жетеді, бірақ келесі күні оны анасы алып кетеді.
Баланың басынан өткен оқиғаның айналасында туындаған у-шуға байланысты, Сарыағаш ауданы ЖПҚ басшысы, Абай ауылы жергілікті полиция басшысы жұмысынан босатылып, ал ОҚО әкімінің идеология жөніндегі орынбасары қатаң ескерту, облыстық халық ағарту бөлімінің басшысы — сөгіс алды.
Зорлау туралы іске Нұрсұлтан Назарбаев пікір білдірді: «Көпшіліктің алдында айтайын. Алдыңғы күні қауіпсіздік кеңесінде айтқан болатынмын. Оңтүстік Қазақстандық баланың басынан ауыр жағдай өтті. Жоғары сынып оқушылары баланы зорлаған. Және осы істің төңірегінде қандай дүрбелең орнаған. Ешкімді таба да, жазалай да алмаған. Неге екенін білесіздер ме? Өйткені, барлық жерде тізбекте өз таныстары отырған: полиция, жоғары тұрған органдар, одан жоғары тағы да туыстары. Істі басып тастау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаған».
Сот 2002 жылы дүниеге келген балаға қатысты өтті: СЕКСУАЛДЫ СИПАТТАҒЫ ЗОРЛЫҚ ӘРЕКЕТІ ҮШІН ОЛ 7 ЖЫЛ БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ. Ал қалған күдіктілерге қатысты іс олар қылмыс жасалған уақытта 14 жасқа толмағандықтан тоқтатылды.
Қыз зорланып, оның анасы өлтірілген
Үкім: психиатрлық стационарда мәжбүрлі емдеу
2018 жылы 4 шілдеде Қызылорда қаласында үшінші сынып оқушысы зорланып, ал оның анасы қызын құтқармақ болғанда, тұншықтырылып өлтірілген. Ер адам «Ягодка» бау-бақша серіктестігіне балық аулауға келеді. Артынша, араққа тойып алған ол қызы мен анасы тұрып жатқан үйге барады. Отағасы ол уақытта астанада жұмыс істеп, ақша тауып жүрген. Полицияны үйден айғайлаған дыбыстар шыққан соң көршілері шақырған.
АЗАМАТ БІРНЕШЕ БАП БОЙЫНША КІНӘЛІ ДЕП ТАНЫЛДЫ: КӘМЕЛЕТ ЖАСҚА ТОЛМАҒАН БАЛАНЫ ЗОРЛАУ ЖӘНЕ ОСЫНДАЙ АУЫР ҚЫЛМЫСЫН ЖАСЫРУ МАҚСАТЫНДА АСА АУЫР ТҮРДЕ АДАМ ӨЛТІРУ. Сотта айыпталушының түрмеге қамалмайтыны айтылды, себебі ол қылмыс жасаған уақытта ессіз күйде болған, амбулаторлық сот-психиатриялық сараптама негізінде оған мамандандырылған типтегі ПСИХИАТРИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРДА ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА ҰСТАП, МӘЖБҮРЛІ ЕМДЕУ үкімі тағайындалды.
Қызды зорлау және соққыға жығу
Үкім: қыз бір жылға сотталды
Келесі оқиғаның кейіпкеріне айналған қызды үйінің маңында зорлап, соққыға жығып кеткен.
Күйеуі басқа біреуге кетіп қалғаннан кейін, әйел жас жігітпен танысады. Ол ұзақ уақыт бойы қызға көңілін білдіріп, гүл сыйлап, назарсыз қалдырмайды. Бұл жарты жылға созылады, артынша жігіт жоқ болып кетеді. Енді ол өте сирек, әрі мас күйде келетін болады. Ақыры қыз екі бөлек кетісуді ұсынады, алайда жігіт қарым-қатынастарын үзуге асықпайды. Уақыт өткен сайын жігіт жауызға айналып, қыздың үйіне кіріп алып, өзін ұратынды шығарды. Осындай күндердің бірінде ол әйелдің қолын сындырады да, айыққан соң жылдам заттарын жиып алып, тайып отырады. Әйел көршілеріне жетіп, жедел жәрдем шақырып, полицияға арыз түсіреді. Таңға қарай күдікті ұсталады. Алайда бір сағаттан кейін жігіттің туысқандары пайда болып, арызын қайтарып алуын өтіне бастайды. Бірнеше күн бойы олар әйелдің баласына сыйлықтар, үйге азық-түлік әкеліп отырады. Зардап шегуші ақырында бітісуге келісім береді.
ӘЙЕЛДІ ӨЗІН-ӨЗІ ҚОРҒАУДА АСЫРА СІЛТЕГЕНІ ҮШІН КІНӘЛІ ДЕП ТАНЫП, БІР ЖЫЛ БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ШЕШІМІ ҚАБЫЛДАНДЫ.
ҚР ҚК 120 бабы «Зорлау»
1. Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау — үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
обложка: hindustantimes
Комментарии
Подписаться