1 қаңтарға қараған түні «Древний Рим» ‎қарағандалық мейрамханада қонақтар арасында келіспеушілік пайда болып, соңы төбелеске ұласты, нәтижесінде бір адам қаза тауып, үш адам жарақаттанды. Қаза тапқан — 23 жасар Жансейіт Рахымжан Бақытжанұлы. Жанжалға әртүрлі ұлт өкілдері қатысқандықтан, дау шиеленісе түсті. 6 қантар күні Қарағандыда 200-ден астам адам жиналып, Қарағанды облысының ІІД-ден істі зерттеу барысымен таныстыруын талап етті. Жиналған топ жауап ала алмай, басқа әкімшілік басқармаларына барды. Олармен Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Полиция департаментінің алдында кездесті.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде мейрамхананың бейне бақылау камералары түсіріп алған төбелестің видеолары кең тарай бастады. Біз істің мән-жайын анықтап, оқиғаның хронологиясын жасадық.

Материал толықтырылу үстінде.

Не болды?


Қарағандыда «Древний Рим» мейрамханасында екі топ арасында жанжал шықты. Кейін бұл жанжал төбелеске ұласты. Оқиға нәтижесінде 23 жасар жігіт қаза тапты, бейресми ақпарат бойынша, оның есімі — Жансейіт Рахымжан Бақытжанұлы. Үш адам пышақ жарасымен ауруханаға түсті. Полиция баспасөз қызметнің алдын ала берген ақпаратына сүйенсек, төбелес қатысушылары мас болған. Желіде жанжалдың видеолары жарияланды.

Істің жай-жапсары анықтала бастады. Төбелеске 30 шақты адам қатысқан, көбісінде таяқ пен металл шыбықтар болған.

Бұл неге ұласты?


Бейне бақылау камералары түсіріп алған оқиғаның видеосы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде кең тарады, төбелес ұлтаралық алауыздық негізінде болуы мүмкін деген сыбыстар пайда болды. Құқық қорғау органдары мен Қарағанды облысының әкімдігі жанжалдың ұлтаралық қақтығыс емес екендігін жеткізді. Қарағанды облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі дауға бір жақтан қазақ, армян және басқа ұлт өкілдері, ал екінші тараптан азиялық ұлт өкілдері қатысқандығын айтты.

Қарағанды облысының әкімдігі мен прокуратурасының баспасөз қызметі үш күдіктінің ұсталғандығын хабарлады, олардың есімдері Каир Надырбеков, Торгом Малхасян, Сохак Малхясан, сонымен қатар Гурурян Нарек есімді адамға іздеу салынды. Оған екі айға қамауда ұстау түрінде алдын алу шарасы бекітілді.

Қарағанды облысының Полиция департаменті 9 қаңтарға дейін созылатын «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы өткізілетінін хабарлады. Тергеу ісін облыс прокуроры ерекше бақылауға алды. Қарағанды облысының баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарының ашықтығын қамтамасыз етеді, ал іске қатысты барлық ресми ақпараттар БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланатын болады.

Семейде жергілікті тұрғындар Қарағандыдағы қаза тапқан жігіт үшін кек алу мақсатында «Баку» әзірбайжандық мейрамханасын талқандаймыз деп сес көрсетті.

Билік өкілдері қаза тапқан жігіттің туысқандарымен кездесті. Осы уақытта Қарағанды Полиция департаментінің алдына 200-230 адам жиналып, биліктен тергеу барысының мән-жайын ашықтауын талап етті.


Қарағанды облысының прокуратурасы ұлтаралық араздық тудыруға қатысты тергеу ісін бастады. Бұқаралық ақпарат құралдарын мониторлау жалғасып жатыр.

Бұған қалай жауап берді?


Қазақстандағы Армения елшілігі өз сайтында былай деп жазды: «Адам қазасына себеп болған қайғылы оқиғаға байланысты өз қайғымызды жеткіземіз. Марқұмның отбасы мен жақындарына өз көңілімізді айтамыз. Тергеу жұмыстарының оқиғаның жай-жапсырына баратына және барлық кінәлілер табылып, Заң бойынша жазаларын тартатынына сенімдіміз».


Қарағанды облысы прокуратурасының сайтында жекелеген адамдардың ахуалды тұрақсыздандыруға тырысып жатырғанды жайлы ақпарат жарияланды. «Осы тақырыпты желеу ете отырып олар азаматтарды және олардың жақындарын заңсыз әрекеттерге арандатуда. Әлеуметтік желілерде қоғамдық пікірді бұрмалауға бағытталған ұлтаралық кикілжің туралы көрінеу жалған ақпарат таратуда. Кұқықтық тәртіп органдары барлық бұзушылықтардың алдын алып, тез арада қылмыстық қудалауға дейінгі барлық шараларды қолданатын болады».

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы 1991 жылы туылған екі зардап шегушінің ауруxанаға пышақпен шаншылған-тілінген аяқ жарасымен келіп түскенін хабарлады. Қазір олар үйлеріне жіберілді, бірақ амбулаторлық емдеуден өтіп жатыр.

Тағы бір 1992 жылғы жігіт көкірек қуысынан шаншылған-тілінген жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Керекті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, ол реанимациядан шұғыл бөлімге ауыстырылды. Жағдайы тұрақты.

Қарағанды облысының ресми сайты 1992 жылғы жігіттің жағдайы күннен күнге жақсарып келе жатырғандығын, емделушінің өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқтығын жеткізді.

Оның жағдайының нашарлауы мен өлімі жайлы ақпараттар шындыққа жатпайды деп Қарағанды облысының прокуратурасының баспасөз қызметі жазды. Сонымен қатар көрінеу жалған ақпарат тарату ҚР ҚК 274-бабы бойынша заңмен қудаланатынын ЕСКЕ САЛДЫ.


Қарағандыда Полиция департаментінің алдына 200-230 адам жиналды. Олармен Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов кездесіп, ҚР Бас прокуроры тергеуді өз жеке бақылауына алғандығын айтты.


Азаматтық белсенді Айтқожа Фазылов жиналған топтың басты талабы әділетті тергеу мен сот, сонымен қатар ең басты күдіктінінің табылуы екендігін айтты. Ол күдіктілер арасында мейрамхана иесінің ағасы мен баласы бар екендігін жеткізді.


Әкімдік баспасөз қызметі әзірше қақтығыстың тек тоғыз қатысушысы анықталып, оның сегізі қамауға алынғандығын, ал біреуіне халықаралық іздеу салынғандығын хабарлады.


«Біреулер "бұлар ақша беріп құтылып" кетеді деп айтып жүр. Ешкім де құтылмайды! Мынадай қоғамдық бақылау тұр, ең жоғарғы органдар бақылап отыр. Бұл тергеу аяғына дейін әділ жетеді, қылмыскерлер өз жазасын алады. Мен сіздерге облыс әкімі, елбасының осы жердегі өкілі ретінде уәде беремін. Қашып жүрген қылмысқа негізгі күдікті екі-үш күннің ішінде ұсталады», — деп Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов уәде берді.


Қарағанды облысының армян диаспорасы видеоүндеу жариялады. Онда Қарағанды облысының Армян ұлттық мәдениет орталығының төрағасы Артур Навасардян олардың оқиғаға қынжылатындарын білдірді. Сондай-ақ кінәлілерді айыптап, күдіктіні табуға көмек қолын созатынын жеткізді.

Арменияның премьер-министірінің міндетін атқарушы Никол Пашинян марқұмның отбасына өз көңілін білдіріп, Қарағандыдағы ахуалға байланысты өз пікірін айтты. Ол қақтығыстың ұлтаралық сипатта болмады деп мәлімдеді, себебін жанжалды бастағандар арасында қазақ та бар деп түсіндірді. Сонымен қатар Никол Пашинян Армения ақпарат құралдарынан ақпарат жарияламастан бұрын, оны тексеруін және жалған деректер таратпауын өтінді.


Іздеу салынған Нарек Гурурян есімді күдіктінің видеосы жарияланды. Онда ол марқұмның отбасына өз көңілін айтып, төбелеске қатысқандығын, бірақ ешкімді өлтірмегендігін жеткізді. Гурурян Қазақстан билігіне берілуге дайын екендігін және ашық тергеуге үміт артатынын мәлімдеді. «Істеген істеріме жауап беруге дайынмын, бірақ басқа біреудің қылмысын мойныма алмаймын, мен адам өлтірген жоқпын» деп өз үндеуін бітірді.

ҚР ІІМ Нарек Гурурянның видеоүндеуіне жауап берді. ІІМ баспасөз хатшысы Алмас Саудбаев МИНИСТРЛІКТІҢ ҚЫЛМЫСТЫ ШЫНАЙЫ ЖӘНЕ ЖАН-ЖАҚТЫ ТЕРГЕУІНЕ КЕПІЛДІК БЕРЕТІНДІГІН жеткізді және күдіктінің жағдайы қиындап кетпес үшін полицияға өз еркімен берілуіне кеңес берді. Оның айтуынша, ол Гурурянның жақындарына полиция қызметкерлерінің байланыс нөмірлерін берген, алайда осы уақытқа дейін ешкім хабарласпаған.

Бұл істе мына сұрақтарға әлі жауап табылған жоқ:

1. Көмекке қанша адам келді?

2. Кім және қашан полиция шақырды?

3. Марқұмның өлігін кім тауып алды?

4. Кім интернетте бейне бақылау жазбаларын жариялады?

5. Қашан зардап шегушілер дәрігер көмегіне жүгінді?

6. Мейрамхана иесі армян ұлтының өкілі екені рас па?

7. Айтқожа Фазыловтың қандай дерекке сүйене отырып, ол мәлімдемені жасады?

Біз Қарағанды облысының прокуратурасы мен Қарағанды ПД, сондай-ақ Қарағанды ІІБ-ге қоңырау шалдық, алайда мейрамға байланысты олар бізге жауап бермеді.

Материал толықтырылу үстінде.