QazaqshaАлия Шагиеваның президенттің қызы болуы жайлы әңгімесі
Қырғызстандағы өткен жылғы президент сайлауы қарсаңында The Village Қазақстан Алмаз Атамбаевтың қызы Алия Шагиевамен сұхбаттасқан болатын. Назарларыңызға материалдың қазақша нұсқасын ұсынамыз
Алия Шагиева 21 жаста, ол суретші. 2016 жылдың наурыз айында Бішкекте оның «Метаморфозы» атты жеке көрмесі болып өтті, сатудан түскен қаржының барлығын Даун синдромымен ауыратын балаларға көмек көрсету қорына аударды. Бұл жаңалық туралы көптеген қырғыз БАҚ жазған болатын, ал бір апта өткеннен кейін Алияның Қырғыз Республикасының экс-президенті Алмаз Атамбаеватың қызы екенін білді.
Алия өзінің мемлекет басшысымен туыстық байланысын жасырып, анасының тегін қолданып келген. Бір жыл ішінде Алия туралы бірнеше БАҚ, соның ішінде «Медуза», Life.ru және BBC жазған болатын. Себеп көп: орыс жігітіне тұрмысқа шықты, балалы болды, әлеуметтік желіде жаңа туған сәбиін емізіп отырған суретін жариялады. Алияның өз блогы бар. Онда ол теңдік, феминизм, әйел денесін қабылдау, баланы ашық емізу құқығы, өнер және отбасыдағы қарым-қатынастары жайлы жазады.
The Village Қазақстан Бішкекке барып, Алиямен балалық шақ, саясат пен шынайлылық туралы сыр шертті.
Мәтін
Фотограф
Мектепте адамдар маған Алия атты қыз ретінде емес, байланыстары бар бір қыз ретінде қарайтын. Мұғалімдер мен арқылы әкеме өтініш хаттарын жолдайтын, ал мен аңғал едім, барлығын апарып беретінмін. Мектепте мен жабық бала болатынмын, адамдармен көп араласпадым. Әдейі майлы шашпен жүретінмін , өз-өзіме күтім жасамайтынмын. Барлығын адамдар менің өркөкірек біреу деп ойламасы үшін жасадым. Мектептен шыққанда армандап, өзімді әдемі сезіне бастаймын. Кейін мен блог жаза бастадым, менің тегіме мән бермейтін достар таптым.
2013 жылы мектепке бір қырғыз газетінен журналист келіп, менің мұғалімімнен мен жайлы сұрғанда, сабырым таусылғанын түсіндім. Ол үшін мен тек бір танымал отбасыдан шыққан бала едім. Мен, әрине, сұхбаттан бас тарттым, үйге келгенімде, қатты жындандым. Қазір бұған философия тұрғысынан қарасам, күлемін. Ал ол кезде мен ашуланшақ бала болатынмын, «Алтын торыңызды да, шектеулеріңізді де жек көремін» деп айғайлайтынмын. Сол кезде адамдардың маған бір құрал ретінде қарамауларына жол бермеймін деп шештім; ол үшін бірінші кезекте менің жеке бір тұлға болуым керек еді. Бішкекте тұра алмайымын деп, Сант-Петербург қаласына оқуға кетіп қалдым.
2016 жылы, көрмем өткенге дейін, менің кім екенімді тек екі құрбым білетін. Артынан барлығы менің президенттің қызы екенімді білгеннен кейін, адамдар қалтамдағы ақшам мемлекеттікі деп ойлады. Басында олай еместігін айтып, дәлелдегім келді, сағаттап сурет салатанымды, ұйықтамай, ешкімге көрінбей тамақатанымды жеткізгім келді. Бірақ қазір түсінгенім мынау: адамдар емес, жүйе нашар. Адамдар өздерін жүйемен қоршап алған, жүйе олардың басын айналдырады, бірақ адамдар біле тұра, оған қары шыға аламайды. Егер мен бұл жүйеден шыға алған болсам, мен өзгешемін, ал сіздер бейшарасыздар деп айтпауым керек. Енді өзімді бақытты сезіне бастадым.
Өнер туралы
Питерде мен Рерих атындағы өнер училищесінде оқыдым. Менің қаланы таңдаған себебім — оның өнер жағынан дамуы. Ал мектепті қабілеттеріме сенімді болмағандықтан, ең болмаса, сол жерге түсіп көргім келгендіктен таңдадым.
Питерге Бішкектен маған еркіндік жетіспегендіктен кеттім. Осы жерде жасай алмағанымды сол жерде орындай алдым. Академиялық суретті тастап, шығармашылық жолына түстім. Осылайша андерграундтың не екенін білдім.
2015 жылға дейін мен мүлдем сурет салмадым. Осыған байланысты мектепте жасқаншақтанатынмын. Менен әлдеқайда талантты балалар бар еді. Қазір сурет мені шабыттандырады. Мен сағаттап сурет сала аламын, ашулана аламын, мойным, көздерім талғаша жұмыс істей аламын, бірақ соңында өзімді жақсы сезінемін.
Аналық та менің шығармашылығыма әсер етті. Жүктіліктен кейін менің суреттерімде әшекейлілік пайда бола бастады: мен бір шеңбер саламын, кейін оны басқа шеңберлердің ішіне кіргізіп саламын. Әр шеңбердің ішінде оларды қосу үшін нүктелер саламын. Бұрын бұған шыдамым жетпейтін еді.
Саясатпен айналыспақ ойыңызда бар ма?
Не деп жауап беретінім белгілі.
Жоқ?
Жоқ.
Бірақ саясатпен айналысу әлемге қалауынызша әсер ете алатын бірден-бір мүмкіндік ғой.
Дәл осы сұрақты BBC журналисттері қойған еді. Депутат болу арқылы ізгі ниеттерімді жүзеге асыра алатынымды айтты. Бірақ мен депутатта адаммен сырласу мүмкіндігі жоқ деп ойлаймын. Олардың барлығы жабық адамдар. Егер адаммен сырласа алмайтын болсам, несіне депутат болайын? Оған қоса, мен әлі өткеннің елестерімен өмір сүріп жүрмін. 2010 жылы революция орын алған кезде біздің ауылға қашуымыз керек болды. Адамдар әкемді далаға сүйреп шығарып, түрмеге әкеткені әлі есімде. Тіпті олар әкемнің таныстарына кесілген құлақ жіберген болатын. Мен бұл әңгімені айтқым келмейді. Бұдан мен күйзелген болатынмын, ештеңені сезбей қалдым, қазір мен барлығын ұмытқым келеді.
Саясат пен қоғам жайлы
Мен қоғам, әлеумет, адамдар жайлы айтқым келмейді. Мынау дұрыс, анау бұрыс деп те сынағым келмейді. Егер де қоғамдағы мәселелер туралы сұрайтын болсаңыз, мен өзім жайлы сөз қозғаймын. Себебі мен де қоғамның бір мүшесімін, яғни айнасымын. Мен қазір сынауды қойдым, егер де бұрын әр нәрсені сынға алсам, ал қазір бір нәрсе жасап, жарыққа шығарғым келеді. Адам қоғамды сынай отырып, оны бұзғысы келеді, бірақ осылайша кіршіксіз қоғам құра аламайды.
Қырғыз Республикасының азаматы ретінде президенттің алты жыл ішіндегі жұмысын қалай бағалар едіңіз?
Мен ешқашан әкемнің саясаты жөнінде сөз қозғамаймын. Мен, керісінше, оның қандай адам екендігін айтып бере аламын. Ол гитарада тамаша ойнайды, керемет әңгімелесе алады. Мен оның құдай, дін, әлемге қатысты көзқарасын, дүниетанымын білемін. Ал оның саясатына мен қызықпаймын.
Отбасы жайлы
Мен ағаларым мен әпкелеріме ұқсамаймын: мен оларға қарағанда өте шыншылмын. Мысалы, үйге қонақтар келген кезде, мен олармен отырмайтынмын, басқа бөлмеге барып, сурет салатынмын. Осылайша мен басқалаларға өз құрметімді көрсетін едім. Турашылдығым — менің адамдарға бере алатын ең жақсы қасиетім. Ал менің ағаларым мен әпкелерім мен секілді ерке емес. Ата-анамыз оларға не десе, соны жасайтын.
Мен анама да ұқсамағанмын. Ол менің мінезім ауыр екендігін айтады. Иә, солай, бірақ неге мен осы мінезімді өзгертуім керек? Емізу, феминизм, еркіндік туралы посттарыма анам әркелкі қарайды. Бірақ менің анам әр түрлі бола алады. Ол кейде ештеңеге қарамастан, мені жақсы көреді, сынамайды, ал кейде «адамдар не дер?» екен деп мені уайымдауы мүмкін, тіпті посттарымның барлығын өшіріп тастауымды сұрайды.
Жасөспірім болған кезімде анам жаман деп ойлайтынмын, ал қазір өзім ана болғанда, оған ренжуді қойып, оны түсіне бастадым.
Адамның жасы оның өмірінде үлкен рөл ойнайды; үлкейген сайын қоршаған ортаны қабылдау қиынырақ түседі. Анам Ош қаласында дүниеге келді, ал ол қаладағы әйелдердің жағдайы Бішкектегідей емес, тіпті одан нашар. Анам кейде әйелдерді кемсітетін сөздер айтуы мүмкін. Мысалы, «Әйел өз орнын білу керек». Бірақ мені ренжітіп алмас үшін ондай сөздерді маған айтпайды. Мен ата-анама мені өзгертпеуге тырыспағандары үшін ризамын. Себебі мен тек өзімнің рухани қағидаларымды ұстанғым келеді.
Ал әкем ешқашан не істеп, не қоюым керек екенідігін айтпайды. Рухани, қызығушылық жағынан онымен бірміз. Әкем шығармашылық адамы, тек, өкінішке орай, онымен тек 60-тан асқанда ғана айналыспақшы. Оған қарағанда мен бұны тез түсіндім де, ерте айналыса бастадым.
Сіздің татуировкаларының қандай мағына береді?
Оң қолымда жапырақтар арасында өз көлеңкесін түсірген түлкі бейнеленген, бұл жерде аса бір символизм жоқ, тек барлық тірі жандыларға деген құрмет. Сол қолымда әлемді құшағына алуға дайын адам. Ол көк пен жерді біріктіреді. Негізінде, адам қисық шыққан, оны маған Питерде бір ішіп алған адам салған болатын.
Әлеуметтік желідегі үндеулері туралы
2017 жылы инстаграм мен фейсбуктағы парақшаларымды өшіріп тастадым, тек ВК-да қалдырдым. Үш аптадан кейін барлығын қайтадан аштым. Неге? Себебі өзімнің ойларыммен бөлісіуім қажет болды. Мен қағидаларымнан бас тартпаймын деп шештім, идеяларымды әлемге жеткізуім керек екендігін түсіндім. Егер де әйелдерге олардың барлығының көзінше бала емізуге болатын айтқым келсе, айтамын. Әлеуметтік желіден кеткеннен кейін, өзіме басқа жол таңдаған болатынмын, енді ешкімге ештеңе дәлелдемеймін деп шештім. Бір жыл бойы басқаларға өзімнің идеяларымды түсіндіргім келді, қоршаған ортаны өзгерткім келгені соншалық — тіпті біраз артық кеттім, бүлік шығардым. Вегетарианшылықты да осылай жеткізгім келді. 13 жасымда жануарлардың өлтірілуі туралы бір фильм қараған болатынмын. Қатты жыладым, тіпті не істерімді білмедім; менің бірінші реакциям дабыл қағып, барлығына айту болатын. Алайда кейін бұның дұрыс еместігін түсіндім. Әлемді өзгертпестен бұрын өзіңді өзгертуің керек, бақытты, еркін болуға тырысу керек. Тағы бір түсінгенім — өзгеруге дайын емес адамға қол ұшын созу мүмкін емес. Қазір кім дайын, соларға ғана үндеу жолдаймын. Мен енді тек қалағанымды қалыптастырып, оны сырттай бақылап, махаббатты насихаттамақшымын.
Адамдар сізге жағымсыз пікірлер жиі жазады. Сіз бұл виртуалды агрессияға өмірде тап боламын деп қорықпайсыз ба?
Пікірлер менің жаныма батады. Бірақ мен қорықпаймын, себебі, менің ойымша, мұндай нәрселерді біз өзімізге тартамыз. Егер де түнде сені ұрып кетеді деп ойлап шықсаң, дәл солай болады. Ал егер де ешнәрсе болмайды деп шықсаңыз, онда барлығы жақсы болады. Мұның бәрі заңдылық, бірақ қабылдау қиын, себебі осының бәрі санаға байланысты.
Жұбайымен таныстығы туралы
Әкем президенттікке сайланған кезде отбасымыз үлкен резиденцияға көшті. Кейін менің өзімнің ойларымды жеткізуім қажет болды да, өз блогымды аштым. Атымды Анна Вэг деп өзгерттім. Сентименталдық жазбалар жариялап тұрдым, көбінесе ойларымды тенеулер мен метафоралармен жеткізіп отырдым. Сол блогта Костямен жазыса бастадым. Ол мені сары шашты орыс қызы деп ойлаған шығар, бәлкім. Мен бір күні көшедегі үйсіз қалған мысық туралы пост жазған едім. Костя екеуіміз сол мысыққа барамыз деп шештік. Бірақ мысықты кездестірмесек те, бірақ бір-бірімізді кездестірдік. Үйге келгенімде, Костядан «Бәрі жақсы болады» деген хабарлама алдым. Мен де оған сенім арта бастадым, себебі ол мені тегімді білмейтін, тек блогтағы Анна деп білетін.
Ұзақ уақыт бойы Костяға өзімнің шыққан тегімді айтпай келдім. Сол кезде президенттің емес, жай қыз бола алмайтыныма, оны үйге қонаққа шақыра алмайтыныма қынжылатынмын. Бәлкім, кім екендігімді оған айта алмас та едім. Бірақ айтуға тура келмеді де. Костя екеуіміз қалада қыдырып жүрген кезімізде анамды кездестіріп қалдық, ол да достарымен кафеден шығып келе жатырған. Анам Костя жайлы білетін, енді танысты. Анаммен қоштасып жатырғанда, Костя оны аты мен тегімен атады. Мен қорқып кеттім, анам да өзінің аты мен тегін әңгімелесу барсында айтқан жоқ еді, демек ол бәрін білген. Анам кетіп қалғаннан кейін, мен жылай бастадым. Сол кездері мен нағыз жылауық болатынмын. Ал Костя мені жұбата бастады. Ол маған оның тегім жайлы күдіктері бар екендігі, бірақ ол тақырыпта сөз қозғамағанын айтты. Себебі бұл тақырыпта әңгімелесу маған ауыр тиетіндігін білген еді.
Аналық туралы
Мен әрқашан чайлд-фри қағидасын ұстанатынмын. Егер де маған біреу 20 жасымда балалы болатынымды айтса, сенбес едім. Мен балаларды қолайсыздық әкелетін деп санайтынмын. Бала туудың не қажеті бар? Жер онсыз да адамдарға толы. Одан да балалар үйінен бала асырап алған жөн деп ойлайтынмын. Кейін осы тақырыпты тереңірек зерттей бастадым, бала туу барлығын өзгерту мүмкіндігі екенін түсіндім. Аналық — үлкен бір әлем, ана ретінде сен барлығын сезе аласың. Бірақ босанудан қатты қорқтым, себебі ол маған бір жиіркенішті процесс болып көрінді. Босану — әйелдің бала үшін шыдауы керек нәрсе. Менің ойымша, бұл қоғам мен масс мәдениеттің ана туралы стеореотипті пікірі. Мен оны қолдамаймын.
Мен перзентханада туған жоқпын. Ол жердегі, әсіресе Азияда қандай қаталдыққа тап болатыныңызды өздерңізде білесіздер. Ол жерде саған «Бала жасаған кезде осылай шыңғырмайсың ғой» деп айтады
Аналық мені қатты өзгертті. Бәлкім, мен абстрактты айтып жатырған шығармын, бірақ адамдар аналықты романтикалық бір кезең деп ойлайды. Аналық еткен кезде уайым-қайғың арта түседі: екі күн ұйықтамайтын, баланы қалай ұстау керек екендігін білмейтін, өзіңді нашар ана деп ойлайтын, ашуға ерік беретін сәттер болады. Оған қоса, күйеуің сені түсінбейтін болса, ал туысқандарың бала бағуды сенен жақсы білеміз деп санаса, онда сен өзіңді де, баланы да жек көре бастайсың. Кейін жүктіліктен кейінгі күйзеліс басталады және ол өмір бақи созылуы мүмкін. Бастысы, уақытында психотерапевтке қаралу керек. Бала туған кезде әйел де қайтадан дүниеге келгендей болады және ол ешқашан бұрынғыдай болмайды. Физиологиялық жағынан болса да, моральді жағынан ешқашан бұрынғы әйел болып қалмайды.
Мен психотерапевт көмегіне жүгінген жоқпын, себебі босанудан кейін бір қатты күйзеліске ұшырамадым. Мен перзентханада туған жоқпын. Ол жердегі, әсіресе Азияда қандай қаталдыққа тап болатыныңызды өздеріңіз де білесіздер. Ол жерде саған «Бала жасаған кезде осылай шыңғырмайсың ғой» деп айтады. Айтпақшы, осы сөздерімді алып тастамаңыз, барлығын сүзгіден өткізуді доғарыңыздар. Мен үйде босандым, осының барлығы 11 сағатқа созылды, күйеуім де қасымда болды, креслода отырып, толғақтың қалай өткеніне, баланың дүниеге келгеніне — барлығына куә болды.
«Мен феминист те, патриот та емеспін»
Кішкентай кезіммен бері әділетсіздікпен күрескім келді. Бұл жағынан әкеме тартқанмын. Балалық шағымызда ағам екеуіміз ұрсысып қалғанымызда, анам маған «сен қыз баласың» деп айтатын. Сол кезде менің феминизмім басталды деп айтсақ болады, еркіндікке ұмтылу керек екендігін, үндемеуім керек екендігін түсіне бастадым. Менің «Мен» дегенімнің не жынысы, не нәсілі жоқ.
Бір күні мектептің дәлізінде бір жоғарғы сынып оқушысы мені құйрығымнан бір ұрып жіберді. Құрбыларым күлді де, бұнда тұрған ештеңе жоқтығын айтты. Сол кезде мен адамдарда жеке кеңістік ұғымы жоқ екендігін түсіндім. Жалпы, мектепте маған біртүрлі қараған ұлдар аз болатын. Ешкім менің шашымнан тартпайтын; мен әр адамның жеке кеңістігіне үлкен құрметпен қарайтынмын.
Бірақ мен өзімді феминист ретінде санамаймын. Маған, ең алдымен, адам, жеке тұлға маңызды. Еркек те кемсітушілікке ұшырай алады. Менің ойымша, мәселені «бұл дұрыс, бұл бұрыс» деп айтумен шеше алмайсың. Себебі тіпті кінәлілер осыны пайдаланып, соңына дейін қорғануы мүмкін, осылайша жабулы қазан жабулы күйінде қалады. Білесіз бе, мен феминизм терминдерін білмеймін, кейін сіз керекті күрделі тілде жазыңыз. Мен феминист те, патриот та емеспін. Мен менмін, өзімді бар күйімде қабылдағым келеді және басқаларына да көмектескім келеді. Мені адамның жан дүниесі мазалайды, ал адамның жан дүниесі келіспеушіліктер бар жерде құлдырайды.
Фотосуреттер 4,5,6,7,9,10 кейіпкердің өзінен алынған
Комментарии
Подписаться