Секонд-хэнд дүкендері сауда орталықтарындағы біртүрлі киім-кешектен жалықққан және тарихқа толы түрлі-түсті нәрселер әлеміне аттанғысы келетіндерге арналған бір оңтайлы мүмкіндік. The Village Қазақстан арзан шаңғы тебуге арналған костюм, Молданазар стиліндегі былғары күртешелер мен сүңгуге арналған киімдерді қай жерден сатып алуға болатынын біліп көрді.

«Свободный стиль»

Мекен-жайы: Манас , 53а, 2-қабат

ТЕЛЕФОН: +7 (727) 242-55-00

Қызықты заттар сататын бұл желінің он дүкені сіздің ақшаңызды үнемдеуге көмектеседі. «Свободный стиль» дүкенінде сіз тек қана киім ғана тауып қоймай, сонымен қатар, аксессуарлар, үйге арналған тоқыма өнімдері, аяқ киімдер мен ойыншықтар да сатып ала аласыз. Ассортимент үлкен, ал бағалары мың теңгеден басталады. Дүкенде біз Эрик Клэптонның суреті бейнеленген жеңіл жейде, британдық жалауы бар жамылғылар, киберпанк былғары күртелері мен үйге арналған ыңғайлы жастықтар таба алдық. Бутик қолданылған бұйымдар мен киім-кешектер алғысы келетіндерге таптырмайтын мүмкіндік.

«Комиссионка.kz» (Elite resale boutique)

Мекен-жайы: Жібек жолы даңғылы, 68

телефон: +777 222 92 99

Арбатта орналасқан бұл жайлы дүкенде эксклюзивті lux винтаж заттарын таба аласыз. Бутикте әйел және ер киімдерінен басқа аксессуарлар, аяқ киім мен сөмкелер сатылады. Ал егер де сізде қажетсіз Dior немесе Chanel көйлектері бар болса, оларды дүкенге тиімді бағаға өткізе аласыз, тауарлар әр сәрсенбі, жұма және сенбі күндері қабылданады. Бағалары бес мыңнан басталады. Дүйсенбі демалыс күні болса, ал қалған күндері дүкен таңғы сағат оннан кешкі сегізге дейін жұмыс жасайды.

Мекен-жайы: Амангелді көшесі, 59а, 3 Б кеңсе

«Секс в большем городе» телехикаясының жанкүйерлеріне арналған resale-бутик, бұл жерде сіз тек қана Dior немесе Chanel көйлектерін тауып қана қоймай, сонымен қатар, Burberry, Moschino, Louis Vuitton, Prada, Dolce&Gabbana және Armani өнімдерінің (көйлектер, сөмкелер, туфли, костюм және белдіктер) түпнұсқаларын сатып ала аласыз. Ал бағалары 15 мыңнан басталады. Дүкен аптаның әр күні таңғы сағат 11.00-ден кешкі сағат 19.00-ға дейін ашық.

Devour

Мекен-жайы: Уәлиханов көшесі, 43

Бутик Synesthesia Conceptstore-те орналасқан винтаж көйлектер, сирек кезедесетін бижутериялар мен аксессуарлар сататын жер.  Тауарлар Берлин мен Барселонадан әкелінеді.

Мекен-жайы: «Атриум» сауда орталығы, s 19 бутигі.

телефон: +7 701 609 77 61

Бағалары мыңнан басталатын тауарлар сататын «Магазин добра» дүкеніне адамдар өздеріне  қажетсіз немесе артық қалған заттар әкеліп, тапсырады, ал бутик тауарлардан түскен ақшаны қайырымдылық қорына және әлеуметтік іс-шараларға жұмсайды, сонымен қатар, заттардың көп бөлігін балалар үйілеріне, мұқтаж отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға береді. Жұмыс уақытын қоңырау шалу арқылы анықтауыңызға болады.

Мекен-жайы: Самал 3-ықшам ауданы, 1/1

ТЕЛЕФОН: +7 777 239 13 29

Нағыз хиппи, вегандар мен экология жанашырларына арналғын секонд. Дүкен ұраны - «Этично. Немодно. Дешево». Momo-да сіз тек қана әйел киімдер таба аласыз, ал олардың ішінде фестивальдерге арналған костюмдер, далба-дұлба күртешелер, жарқ-жарқ еткен ғаламшарлары бар жеңіл жейделер, сауық кештерге арналған джинс және басқа бұйымдар табылады. Бағалары бес мың тенге шамасында.

Мекен-жайы: Уәлиханов көшесі, 43

телефон+7 701 710 05 77

Ретро стилін сағынып, аңсап жүрген болсаңыз, осы дүкенге баруға кеңес береміз. Out of Almaty-да  сексен жылдық тарихы бар заттар, мысалы, лампалар мен айналар, сонымен қатар, Марина Цветаеваның сырғалары секілді сирек кездесетін заттар немесе Роберт Кеннедидің 1968 жылғы президенттік кампаниясынан қалған төсбелгілер табылады.  Оған қоса, көйлектер, джинстар, кепкелер, тоқыма киімдер (свитер), бешпеттер мен 50-ші жылдардағы әйел қалпақшалары, 60-шы жылдардағы көйлектер мен пальтолар, кеңестік дәурден қалған бижутерилар да таба аласыз. Бутик Asay Jurek дүкенінде орналасқан.

Мекен-жайы: Уәлиханов көшесі, 43

Бұл жерде кез келген адам өзінің талғамына сай, қажетті киімдер мен аксессуарлар таба алады. Мектеп оқушылары да, студенттер да, зейнетке шыққан балериналар да, сәнқой театр сыншылары да, шетелдіктер де киінеді.«Бізден құр қол кету мүмкін емес», - дейді Asaý Júrek-тің негізін қалаушы Марина Аничкина.

«Гардероб»

Мекен-жайы: Есенова көшесі, 6

ТЕЛЕФОН: +7 727 397 71 06, +7 701 551 05 53

Бұл дүкеннің тауарларын көп болғаны соншалық - қолыңыз талғанша іріктеуге тура келеді. Егер де сізге үлкен өлшемді кеңжейделер, әдемі әрі сүйкімді жеңіл жейделер, былғары күртелер мен улы жасыл түсті әйел жейделерін іздеп жүрген болсаңыз, Есенов көшесінде орналасқан «Гардероп»-қа барыңыз. Сонымен қоса, ол көшеде аяқ киім, киім-кешектер мен үй тоқыма өнімдерін сататын басқа алты секонд-хэнд бутиктерін таба аласыз.

Секонд-хэнд дүкендеріне деген қоғамның көзқарастарын өзгерткісі келетін қазақстандық энтузиасттардың онлайн-бутигі. Дүкендегі барлық тауарлардың тек бір-бір даналары бар және American Apparel, Converse, Adidas, Dolce & Gabbana, Zadig & Voltaire, DKNY мен басқа ноу-нейм өнімдерін табуға болады. Dooken-де, сонымен қатар, ескі винильді күйтабақтар да сатады, тіпті Принц және Стиви Вандер хит әндерін сатылып үлгерген. Бағалары 1 500 теңгеден басталады. Оған қоса, олардың инстаграм парақшасы қазақстандық минимализмнің бір  көрінісі бола алады. Өз жеткізу қызметтері бар, құны 700 тенге.


Фотосуреттер:  Анвар Мусрепов, 18 – LaLuxe, 20 – «Магазин добра»мұқаба — Asaý Júrek,