Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандарды жерлеу ережесі өзгерді. Бұл туралы Tengrinews хабарлады.

«Өлгендерді жерлеу тәртібі маңызды болып қала береді. Қолданыстағы тәртіпке өзгерістер енгізілді. Санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық нормаларды қатаң сақтай отырып, қаза болған адамды кез келген зираттарда көмуге рұқсат етіледі» деді министр.

Сондай-ақ, ол әлемде коронавируспен ауыратын науқастардың көбейіп жатқанын айтты. Оның мәліметтерінше, 30 маусымда 40 мыңға жуық науқас тіркелген. Медициналық ұйымдар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр дейді.


Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз