Қазақстаннан Грузияға жоспарланған рейстер 1 тамызға дейін ашылмайтын болды. Бұл туралы Air Astana компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

«Грузия үкіметінің жаңа шектеулеріне байланысты 1 тамызға дейін Air Astana Грузияға халықаралық рейстерді орындау жоспарын кейінге қалдырды», — делінген хабарламада. 

Әуекомпанияның мәлімдеуінше, жолаушылар билеттерін 1 тамыздан басталатын рейстерге қайта броньдай алады немесе рейс бағытын Ыстамбұл не Антальяға ауыстыра алады (тариф есебімен). Ол үшін Ақпарат және брондау орталығына хабарласу керек.

Билет ақшасын қайтарғысы келетіндер мына жерде өтінішін қалдыруы керек.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Air Astana Грузияның рұқсатымен 1 шілдеден бастап ұшуды жоспарлаған еді. Бірақ Азаматтық авиация агенттігінің хабарына сүйенсек, Грузия 25 маусымда барлық халықаралық рейстерді 1 тамызға дейін тоқтататқаны жөнінде телеграмма жіберген. Бұған елдегі эпидемиологиялық жағдай сабеп болған. 


Біздің Facebook-парақшамызға жазылыңыз