Маусымда 700 мың адам коронавирустың кесірінен жұмыссыз отыр
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сөзінше, Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына байланысты шектеу шараларының салдарынан 4,2 миллион адам жұмыссыз болған, бірақ маусымда бұл көрсеткіш 700 мыңға дейін қысқарды. Бұл туралы Vласть хабарлады.
«Біздің бағалауымызша, вирус наурыздың соңында өршіп кетті, сәуірде жұмыссыз қалғандардың табысы болған жоқ. Олардың саны 4 миллион 200 мың адамнан асты. Ал мамырда, біздің бағалауымызша, 1 миллион 140 мыңға жуық адам жұмыссыз қалып, маусымда бұл көрсеткіш 700 мыңнан астам адам болды», — деді Нұрымбетов.
Оның айтуынша, еңбек нарығындағы жағдай коронавирустың таралуына, шектеу шараларына байланысты болады.
Министр наурыз бен маусымға дейін жұмыссыз қалғандардың ресми статистикасы жоқ екенін айтты. Ал мысалға келтірілген сандарды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі есептеген.
Біздің Facebook-парақшамызға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться