25 маусымнан бастап Сайран көліне суға түсуге болмайды
Алматыда Сайран көлінен қауіпті бактериялардың табылуына байланысты суға түсуге тыйым салынды. Бұл туралы Алмалы ауданының Facebook-парақшасында ақпарат жарияланды.
«Құрметті тұрғындар! Сайран көлінің шығыс жағалауы жабылатынын хабарлаймыз. Себебі «Ұлттық сараптама орталығы» РКК адам ағзасына қауіпті микроогранизмдерді анықтады. 25 маусымнан бастап Сайран көлінің шығыс жағалауында суға түсуге тыйым салынады», - деді Алмалы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, көлдің батыс жағалауында да осы бактериялардың табылуына байланысты Әуезов ауданында да суға түсуге қатаң тыйым салынды.
Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться