Алматының кейбір көшелерінде ақылы автотұрақтар уақытша тегін болады
Қаланың орталық көшелеріндегі жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір аудандарда ақылы автотұрақтың әкімшілік қызметі уақытша тоқтатылды. Бұл туралы ақпарат A-Parking жобасының Facebook парақшасында жарияланды.
Жөндеу жұмыстары мына көшелерде жүреді:
— Қалдаяқов пен Наурызбай батыр көшелерінің арасындағы Бөгенбай батыр көшесі (11 паркомат жөнделіп жатыр).
— Желтоқсан көшесі мен Байсейітова көшесінің арасындағы Жамбыл көшесі, және Назарбаев даңғылынан батысқа қарай орналасқан шағын алаңы (2 паркомат жөнделіп жатыр).
A-Parking-тің мәліметінше, ақылы автотұрақ қызметінің қайта іске қосылу күні жобаның әлеуметтік желілерінде алдын ала жарияланады.
Комментарии
Подписаться