Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус жұқтырды. Елбасы өз-өзін оқшаулап жатыр. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді.

Тұңғыш президенттің жағдайы туралы ақпарат Елбасы сайтында пайда болды.

«Қазіргі уақытта Қазақстанның Тұңғыш президенті өз-өзін оқшаулап жатыр. Өкінішке қарай, Елбасының коронавирус инфекциясына тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті. Алаңдауға себеп жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев қашықтан жұмыс істеп жатыр» делінген хабарламада. 


Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз