Үкімет демалыс күндерінде Қазақстанның бірнеше өңірінде коронавирусқа байланысты жаңа шектеулер енгізетінін мәлімдеді. Бұл туралы Tengrinews хабарлады.

Қазақстанда коронавирус инфекциясына байланыста эпидемиологиялық жағдайға байланысты ведомствоаралық комиссия 20-21 маусымда, яғни демалыс күндері қосымша шектеу шараларын енгізеді.

1) Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалалары бойынша:

 ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, азық-түліктік және азық-түліктік емес базарлардың қызметі тоқтатылсын;

 қоғамдық тамақтану орындарының қызметіне тек ашық алаңда әлеуметітк қашықты сақтау арқылы рұқсат беріледі;

 қоғамдық көліктің қызметіне шектеу қою;

 қоғамдық орындардың жұмысын тоқтату: саябақтар, жағайжайлар, аквапарктер.

 фитнес-орталықтардың қызметін тоқтату;

 65 жастан асқан адамдарға көшеге шығуға шектеу қою.

2) Халық саны 50 мыңнан асатын елді мекендерде:

 қоғамдық орындардың: саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, аквапарктердің жұмыс істеуін тоқтата тұру;

 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуын шектеу.

3) өңірлердің бас санитар дәрігерлерінің қаулыларына сәйкес Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларына жақын орналасқан туристік аймақтарға кіруді жабу, ал көрсетілген аймақтардағы адамдарға әлеуметтік қашықты сақтау.

Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктеріне қысқа мерзімде мәселені шешуді тапсырды:

 медициналық ұйымдар базасында қосымша зертханалар ашу арқылы халық арасында ПТР-тестілеуді қамтуды кеңейту;

 ауруханалардағы жұқпалы және провизорлық орындардың санын арттыру;

 жедел медициналық жәрдем станцияларымен шұғыл және шұғыл шақыруларға уақтылы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

 үйде отырған пациенттерге амбулаториялық-емханалық көмек деңгейінде сапалы динамикалық бақылауды (қашықтан, ұтқыр бригадалар) жүзеге асыру;

 халықпен белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Мұның алдында Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтар карантин режимін жаппай сақтамауы салдарынан коронавирустың таралу қаупі күшейіп тұрғанын айтқан болатын.

Соңғы аптада Қазақстанның бірнеше өңірінде карантин қайта күшейтіліп, блокбекеттер қойылып жатыр. Қазақстанда коронавирус жұқтырып, қайтыс болып жатқандардың саны да артып келеді.

18 маусымдағы таңғы жағдай бойынша Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны 15877-ге жетті, 6831 адам симптомсыз науқастар болса, 100 адам қайтыс болды.


Біздің Facebook-парақшамызға жазылыңыз