Қазақстанның солтүстігінде коронавируспен тіркелген аймақтарға блокпосттар қойылып жатыр. Бұл туралы «Қазинформ» хабарлады

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ресеймен шекараласатын солтүстік аймақта үш блокпост жұмыс істеп тұр. 

«Коронавирус инфекциясының ошақтары анықталған аудандарда блокпосттар қойылған. Қазір полицейлер осындай 11 нысанда қызмет етіп жатыр»,  деді жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах.

Аймақта COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың саны артқаны байқалды. Соңғы тәулікте 25 адамнан вирус анықталған. Оның тоғызы аурудың симптомды түрін жұқтырған. 


Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз