Тағы үш адам коронавирустан көз жұмды
18 маусымда сағат 10:00-де Астанада коронавирус індетінен үш науқас көз жұмды. Бұл туралы Tengrinews хабарлады.
«1963 жылғы ер адам мен 1952, 1946 жылғы әйел адамдар. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады», — делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астана, Шымкент пен Алматыда тоғыз адам коронавирустан көз жұмды. Қазақстан бойынша барлығы 100 өлім дерегі тіркелді.
Біздің Facebook-парақшамызға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться