ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев халыққа есеп беру кездесуінде egov.kz порталынан QR-код арқылы алуға болатын мемлекеттік қызметтердің тізімін мәлімдеді. Бұл туралы HolaNews жазды

Министрдің айтуынша, QR-код арқылы жүзеге асырылатын қызметтерді осы айда ұсыну үшін техник мамандар жұмыс істеп жатыр. QR-кодпен мынадай мемлекеттік қызметтерді алуға болады: некені тіркеу, баланың туғанын тіркеу, балабақша кезегіне тұру, заңды тұлғаны тіркеу, салық есебін қабылдау (250 форма).

«Компьютер арқылы бұл қызметтерді пайдаланғанда ЭЦҚ-ға қол қоюдың орнына eGov mobile қосымшасында QR-кодты сканерлеу арқылы қызмет көрсетуге рұқсат беруге болады. Оны пайдалану үшін компьютеріңізге қосымша бағдарлама орнатудың қажеті жоқ»,  деді Асқар Жұмағалиев.

Азаматтар eGov.kz порталынан қызметтерді жүзеге асыруға «QR-code арқылы қол қою» функциясын таңдауы керек. Кейін eGovMobile қосымшасын пайдаланып, мониторда пайда болған кодты сканерлеуі қажет.

Алдағы уақытта QR-кодпен іске асыруға болатын қызмет түрі көбейеді.

Мобайл қосымшаны толыққанды пайдалану үшін ЭЦҚ-ның болуы шарт және мобильдік азаматтар базасында тіркелуіңіз керек.


Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз