SCAT орындалмаған рейстер жолаушыларына билет ақшасын қашан қайтарады?
SCAT әуекомпаниясы төтенше жағдай кезінде орындалмаған рейстер жолаушыларына билет ақшасын қайтару жұмысын бастады. Бұл туралы компанияның сайтында ақпарат жарияланды.
«Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайға байланысты SCAT әуекомпаниясы шамамен 3000 рейсті тоқтата тұруға мәжбүр болды. Бұл рейстер бойынша билет саны 98 000-нан астам. ТЖ кезінде ұшақ жұмысы да, билетті қайтару процессі де уақытша тоқтатылған болатын. Бүгіннен бастап біз жолаушылардың ақшасын қайтару процессін бастадық», — делінген хабарламада.
Компанияның мәліметінше, жолаушы билетті www.scat.kz сайтынан алса, компанияға қайта хабарласудың қажеті жоқ. Билет ақшасы автоматты түрде кезекпен жіберіледі. Әр жолаушы электрон поштадан ақшаның түсетіні жеке хабарлама алады.
«Егер сіздің билет басқа ресурстардан алынса, онда ақшасын кері қайтару үсін сол ресурстарға хабарласуыңыз керек. Бұл жағдайда төлемді сіз билетті сатып алған агенттік төлейді. Өтініштің көп болғанына байланысты ақшаны қайтару процесі үш кезеңге бөлінді», — дейді SCAT.
Билет ақшасын қайтару кезеңдері:
• 10-30 маусымда — 2020 жылы 16-31 наурызда орындалуы керек болған рейстердің;
• 1-31 шілдеде — 2020 жылы 1-30 сәуірде орындалуы керек болған рейстердің;
• 1-31 тамызда — 2020 жылы 1-11 мамырда орындалуы керек болған рейстердің билет ақшасы қайтарылады.
Компания бұл жоспарды уақытынан бұрын орындау үшін барын салатынын жазды.
Біздің Telegram-каналға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться