16 наурыз бен 11 мамыр аралығында Қазақстанда болған төтенше жағдай режимі кезінде тіркелген отбасылық-тұрмыстық құқық бұзу саны көбейген. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев хабарлады деп жазды Vласть.

«Отбасылық-тұрмыстық жағдайда болған құқық бұзушылық саны 25 %- ға көбейді. Төтенше жағдай режимі кезінде азаматтардың оқшаулануына байланысты дағдарыс орталықтарының «сенім телефондарына» хабарласқан зорлық-зомбылық құрбандарының саны артты. Өкінішке қарай, деректерге сүйенсек, хабарласқан 10 жәбірленушінің екеуі ғана полицияға жүгінуге келіседі»,  деді Тұрғымбаев халықпен есептік кездесу барысында.

Оның айтуынша, отбасылық зорлық-зомбылық құрбандарын агрессордан қорғау үшін 37 мыңға жуық қорғаныс нұсқамасы шығарылған, құқық бұзушылардың жосықтарына қатысты 4,8 мың ерекше талап қойылған.


Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз