10 маусымда темір жол мен вокзалдарда карантин шаралары жеңілдейді
10 маусымнан бастап Қазақстан темір жолы мен вокзалдарында карантин шаралары жеңілдетіледі. Бұл туралы көліктегі мемлкеттік бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов айтты.
Шығарып салушыларға вокзал ғимаратына кіруге рұқсат беріледі. Соған қарамастан әлеуметтік арақашықтық сақтап, бетперде тағып, вагондар арасында жүрмеу керек. Бір жерде көп адам жиналмаған жөн әрі дезинфекция күшейтілуі абзал. Азаматтар вокзал ғимаратына бұрынғыдай кіре алады, бірақ алдымен есік алдында олардың дене қызуы тексеріледі.
Жолаушылар пойызындағы мейрамхана-вагондар алдын ала тапсырыс алу арқылы жұмыс істейді. Онда да санитарлық-дезинфекциялық жұмыстар қатаң түрде сақталуы керек.
Шектеу шаралары не үшін алынып жатыр? Темір жол жұмысы басталғалы 100 мыңнан астам жолаушы анкета тапсырған. Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, бірде-бір жолаушы коронавируспен тіркелген жоқ. Санитарлық-эпидемиологиялық шаралар бұзылса, карантин қайтадан күшейтіледі.
Естеріңізге сала кетейік, 1 маусымнан бастап Қазақстан темір жолы жұмысын бастаған еді.
Біздің Facebook-парақшамызға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться