Коронавирустың симптомсыз түрін жұқтырған науқастар мобайл қосымша арқылы бақыланады
«Информбюро»-ның мәліметінше, COVID-19 инфекциясын жұқтырған адамдар мобайл қосымша арқылы қашықтан бақыланады. Бұл туралы Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова хабарлады.
«Үй карантинінде, соның ішінде симптомсыз COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастарды қашықтан бақылау үшін мобайл қосымша енгізуді қамтамасыз ету», — делінген құжатта. Сондай-ақ, шетелден келген азаматтарда ПЦР-тесттен өткені жөнінде теріс нәтижелі анықтама болса, олар стационар карантиніне жатқызылмайды.
Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться