Facebook мемлекет бақылауындағы БАҚ жазбаларына белгі қояды
Facebook мемлекеттің бақылауындағы БАҚ жазбаларына білгі қойып отырады, ал жыл соңында АҚШ-та мемлекеттік БАҚ жарнамасын бұғаттай бастайды. Бұл туралы «Коммерсантъ» жазды.
Компаниядағылардың айтуынша, олар «адамдарға Facebook-тегі жаңалықты кім жазғанын жақсырақ түсінуге көмектескісі келеді».
«Халық оқитын жаңалықтарының мемлекет бақылауындағы БАҚ-қа қатысы бар-жоғын білуі керек», - делінген компанияның хабарламасында.
БАҚ-қа мемлекеттік бақылаудың жүргізіліп-жүргізілмеуін Facebook басылым құрылымына, басшылық пен қызметкерлер туралы ақпаратқа, редакциялық саясат пен ережелерге, сондай-ақ қаржыландыру мен кіріс көздерін негізге ала отырып анықтайды. Егер белгі қойылған ұйым әлеуметтік желінің шешімімен келіспесе, апелляцияға беріп, Facebook-тің іріктеу талаптарына сәйкес қаралатын қосымша құжаттарын ұсына алады.
Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться