Алматыда іс-шаралар өткізу үшін жеке үйлерді жалға алуға тыйым салынғаны туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысында айтылды. Бұл туралы Tengrinews хабарлады.

Жандарбек Бекшин жергілікті атқарушы органдарға, құқық қорғау органдарына және Алматының арнайы органдарына жеке үйлерді жалға алу мәселесін, онда корпоратив немесе басқа да іс-шаралар ұйымдастыруды бақылауды тапсырды.

Еске салайық, бүгінде Алматыда фитнес-орталықтар, СПА, қоғамдық моншалар, сауналар және азық-түліктік емес базарлар қызметін қайта бастады.


Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз