Биыл 131 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырады
Биыл 131 мың түлек Ұлттық бірыңғай тест тапсырады. Тестілеу барлық санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сай өтеді.
Рrimeminister.kz сайтының хабарлауынша, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен селекторлық отырыста ҰБТ өткізуге дайындық мәселелері қаралды. Білім және ғылым министрлігінің ақпаратына сүйенсек, биыл ҰБТ-ны 131 мыңнан астам түлек тапсырады. Тестілеу 150 мекемеде өтеді. Барлық ҰБТ өткізу орындары тепловизор, дезинфекциялық тоннель және аяқ киімді зарарсыздандыруға арналған кілемше, медициналық бөлімше, санитайзер, маскамен қамтамасыз етіледі.
Тоғжанов ҰБТ кезінде сақталуы керек санитарлық-эпидемиологиялық талаптар нұсқаулығын әзірлеу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау шараларын дайындау, санитарлық талаптарды міндетті түрде орындау, оқушыларды тестілеу орындарына қауіпсіз түрде жеткізу шараларын ұйымдастыру тапсырмасын берді.
Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться