Алматы төтенше жағдай салдарынан 100 миллиард теңге жоғалтты
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев карантиннің кесірінен Алматының 100 миллиард теңге жоғалтқанын хабарлады.
«Қала экономикасына қарасақ, 40 %-ын сауда құрайтынын көреміз. Барлық сауда тоқтап, үй маңындағы дәріханалар мен дүкендер ғана жұмыс істеген кезде, бұл әсер етпеуі мүмкін емес. Сауда 18 %-ға төмендеді», — деді Сағынтаев
Оның сөзінше кейбір сауда нысанының жұмыс жүйесі ашық емес.
«Егер құрылымда сауда 40 % емес, 15 % болғанда, осынша байқалмайтын еді. Сонымен қатар, көлік шығыны (қозғалыстың тоқтатылуы) бар. Бұл екі сала қала экономикасын кері тартты. Қазір біздің шығын — 100 миллиард теңге», — деді ол.
Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться