Алматыда қонақүй кешені өртенді
Алматының Жетісу ауданында «Гыньяз» қонақүй кешені өртенді. Бұл туралы қалалық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Кешенге қарсы орналасқан дүкендегі қызметші таңғы сағат 10:00 шамасында өрт туралы хабарлады. Өрт сөндірушілер 7 минутта төтенше жағдай орнына келді.
«Үш қабатты қонақүй кешенінің шатыры жанып жатырды. Қауіпсіздік техникасын сақтау мақсатында энергетика қызметі нысанды тоқ көзінен өшірді. Әкімшіліктің айтуынша, нысан жұмыс істемеген. Газ-түтіннен қорғау қызметі өртенген ғимаратта адамның бар-жоғын тексеріп шықты, онда ешкім болған жоқ. Өртті сөндіру үшін үш автосаты ашылды, лафет оқпан қолданылды», - деп хабарлады ТЖД.
Көрші ғимараттарға өрттің таралу қаупі жойылды, сағат 11:04-те өрт оқшауланып, 11:05-те толықтай сөндірілді. Жалын аумағы 300 шаршы метр болды.
Өрт сөндіруге Төтенше жағдай департаментіндегі жеке құрамның 55 адамы мен 16 техникасы, сондай-ақ «Алматы Су» машиналары қатысты.
Біздің Facebook-парақшамызға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться