«Сәлем! Сөйлесуге ыңғайлы ма?» Forte-нің жаңа өнімдері мен сервистерінің жыл сайынғы тұсаукесері осы сөйлемнен басталды.

Биыл Forte жаңа форматта презентация жасап, оны Forte Digital Week деп атады. Онлайн режимде қазақстандықтар өмір сүруді жеңілдететін жаңа өнімдер мен жаңартылған банк қызметтерімен танысты. Forte-нің экожүйесі үнемі жаңа қызметтермен және сервистермен толықтырылып отырады. Сондықтан банк өнімінен ерекшеленетін басқа да өнім түрі көбейіп жатыр.

«ForteMarket сандық дүкені кішігірім электроникадан бастап, үй жиһазына дейін мыңдаған өнімді сатады, ForteTravel — саяхат рәсімдеу, әуе билетін сатып алу қызметтерін ұсынатын сандық құрылғы. Осындай құрылғылардың арқасында клиентіміз көптеген жаңалықтан хабардар. Бүгін біз сізді банк өнімі емес, басқа жобамызды, яғани ForteMobile ұялы байланысымен қуана отырып таныстырмақпыз. Бұл өнімнің көмегімен телефон арқылы сөйлесу ыңғайлырақ», — дейді ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили.

Forte-нің эксклюзив ұялы байланысы екі тарифпен ұсынылады, атаулары төлем карточкаларымен ұқсас — Gold және Platinum.

«Біз серіктесіміз – Beeline Қазақстанмен бірге керемет ұсыныс жасап отырмыз. Біздің тарифтермен минут пен интернеттің жетіспеушілігін сезінбейсіз. Егер тұтынушы біздің банктік өнімдерімізді белсенді қолданатын болса, бірегей бонустар мен қызметтерге қол жеткізеді», – дейді жоба менеджері Алена Ахметова.

Қызметтер қатарына шығыс қоңырауларға арналған ақысыз минуттар, интернет-трафиктер, сонымен қатар әлеуметтік желілер, лезде жіберілетін хабарламалар, KAZNET және басқа да қызметтерге шектеусіз трафик кіреді.

Тарифтердің тағы бір артықшылығы — ForteMobile мен Beeline Қазақстан абоненттері арасындағы тегін қоңыраулар.

Жаңа ұялы байланыста әлі ешкімде болмаған тағы бір қызмет бар, ол — банктік қолдау қызметіне ақысыз роуминг қоңыраулары. Айтпақшы, мобайл қосымша интернет-трафиксіз, яғни ақысыз жұмыс істейді. Мәселен, сізге сапарға бару үшін картадағы лимитті ұлғайту немесе жақын адамдарыңызға ақша аудару қажет болса, интернетті пайдаланудың қажеті жоқ.

ForteMobile-дің көмегімен кез келген елден +7 705 921-21-21 нөміріндегі ForteBank операторына қоңырау шалып, қалағанша сөйлесуге болады, уақытқа шектеу жоқ.

Банк клиенттері үшін жағымды бонус – егер ForteBank төлем картасымен айына 100 000 теңге немесе одан көп мөлшерде төлем жасалса, ұялы байланыс үшін абоненттік төлем алынбайды.

Банктің Астана және Алматы қалаларындағы кез келген бөлімшесі арқылы FortiМobile нөмірін ресімдеуге немесе өз нөміріңізді FortiМobile нөміріне аударуға болады.

Абоненттің нөмірі мен карта нөмірі бірдей болса, ForteMobile SIM-картасы мен ForteBank төлем картасынан тұратын шектеулі жиынтық ұсынылады.

Жаңа ұялы байланыс қызметінің іске қосылуына орай Forte кішігірім сыйлықтар дайындады. Mobile.forte.kz сайтында ForteMobile SIM-картаcына тапсырыс берген жандарға SIM-карта үйіне дейін жеткізіледі. Ертең сағат 15:00-де Forte Digital апталығының екінші күні өтеді, онда да көптеген қызық жаңалық пен сыйлық бар.

промоновость

ForteMobile ұялы байланысы іске қосылады

ForteBank телефоннан сөйлесуді ыңғайлы әрі тиімді ете түсті


Біздің Телеграм-арнамызды оқыңыз