Пандемия басталғалы екі миллионнан астам адам COVID-19 инфекциясынан жазылып, ауруханадан шықты. 

21 мамырдың таңғы деректері бойынша, дүниежүзінде 5 085 504 адам коронавируспен тіркелген. Оның 329 731-і індеттен көз жұмды, ал 2 021 666 науқас вирустан толықтай айығып шыққан.

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны бойынша алғаш үштікте:

  • АҚШ – 1 591 991;
  • Ресей – 308 705;
  • Бразилия – 293 357.

Қазақстанда 7 234 адамда коронавирус анықталды. Оның жартысынан көбі, нақтырақ айтқанда 3 734 адам аурудан емделіп, толықтай айыққан. Ал 35 науқас, өкінішке қарай, вирустан қайтыс болған. Инфекциямен тіркелгендер саны бойынша Алматы (1 966), Астана (1 403) мен Атырау (816) бірінші тұр.


Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз