Алматыдағы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов 16 наурыздан бері карантин режимін бұзғаны үшін қанша адамның жауапқа тартылғанын айтты. Бұл туралы Tengrinews хабарлады.

«Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабы бойынша карантин режимін бұзғаны үшін 2 294 жауапқа тартылды (16 наурыздан бері  Ред.). Олардың жартысынан көбі сот шешімімен кінәлі деп танылды әрі әкімшілік жауапқа тартылды. 700 адам әкімшілік қабылдау бөлмесіне қамалды»,  — дейді ПД басшысы. 

Сонымен бірге, Қанат Таймерденов Алматыдағы криминогендік жағдай туралы сөз қозғады. 

«Карантин кезінде қылмыс саны 30-40 %-ға азайды. Жол көлік оқиғасының көрсеткіші де төмендеді. Ал төтенше жағдай режимі тоқтатылғаннан кейін Алматы жолдарында көлік саны 20 %-ға көбейді», — дейді ол.


Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз