Фейсбук пен Инстаграмда Shops сервисі іске қосылмақ. Сервис негізінде интернет-дүкендер әлеуметтік желіде парақшасын аша алады. Бұл туралы Facebook өзінің блогында хабарлады.

Shops сервисі арқылы бизнес иесі жарнамалайтын тауарын тізіп, дүкеннің онлайн дизайнын жасай алады. Shops алдағы уақытта кез келген компанияға қолжетімді болмақ.

Ал қоданушылар, яғни клиенттер дүкен каталогын әлеуметтік желіде оңай қарап, ұнатқан тауарын сақтап, не болмаса, желідегі чатта бірден тауарына тапсырыс бере алады. Клиенттер Messenger, WhatsApp немесе Инстаграмның жеке чатында сатушымен сөйлесу мүмкіндігіне ие болады.

Shops болашақта барлық қолданушыға ашылады. Компания чатта отырып, қалаған затын алудың мүмкіндіктерін жасап жатыр. Сонымен қатар, Facebook онлайн-трансляцияға тауарлардың белгісі мен адалдық бағдарламасын қосуды ойластырып жатыр. 

Осылайша компания коронавирус пандемиясы кезінде шағын бизнесті қолдауды жөн көрді. Бұған дейін Facebook бизнесті қолдау мақсатында Истаграм стикерлері мен арнайы тегтерді енгізген еді.


Біздің Telegram-каналға жазылыңыз