ТШО-да 230 орындық инфекциялық стационар жұмысын бастады
Атырау облысындағы жедел штабтың мәліметінше, Теңіз кен орнында 230 орындық инфекциялық стационар ашылды. Бұл туралы Vласть хабарлады.
«Атыраудағы Теңіз кен орнында коронавирустың таралуын алдын алу үшін 230 орны бар инфекциялық стационар құрылды. Ол Атырау қаласындағы екінші облыстық аурухананың филиалы болып табылады. Стационар «ПТШО» вахта ауылында орналасқан. Бүгінде онда 211 науқас емделіп жатыр. Оның 55-інде аурудың жеңіл белгілері байқалса, 156-сында ауру белгілері жоқ», - деді штаб.
Жаңа стационарда екінші облыстық аурухананың 25 қызметкері, оның ішінде үш дәрігер, 16 орта медқызметкер мен алты көмекші медқызметкер жұмыс істейді.
Сонымен қатар, ТШО клиникасының 32 дәрігері мен 30 орта медқызметкері де стационарда жұмыс атқарып жүр.
Жедел штабтың мәліметінше, карантин кезіндеинфекция жұқтырғандармен байланыста болған екі мыңнан астам адам стационарлық карантинге жіберілді. Кен орнында қазір 80 орындық провизор стационары мен 610 орындық карантин стационары бар.
Сонымен бірге, 19 мамырдан бастап Ұлттық сараптама орталығының республикалық зертханасы жұмыс істей бастайды. Қазір «ПТШО» вахта ауылынла анализдерді қабылдап, зерттеумен үш зертхана айналысып жатыр. Олар: Ұлттық сараптама орталығының Атыраудағы филиалы, «Олимп» зертханасы мен Атыраудың обаға қарсы мобильді станциясы.
Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться