Facebook компаниясы Giphy анимацияланған суреттер сервисін сатып алып,  Instagram желісіне енгізіп жатыр. Бұл туралы «НОЖ» онлайн-журналы хабарлады

«Instagram мен Giphy-ді біріктіре отырып, біз қолданушыларымызға директ пен сториске салуға қажет GIF-сурет пен стикерді тез табуға көмектесеміз», — делінген компанияның блогында.

Giphy-дің қаншаға сатылғаны белгісіз. Axios сілтеген аноним деректерге сүйенсек, корпорация бұл сервисті 400 миллион долларға алған.

Giphy брендінің сақталатыны белгілі. Қолданушылар бұрынғыдай өзінің суреттерін онда жүктей алады, ал бағдарламаны әзірлеушілердің мүмкіндіктері сервис сатылғанға дейінгідей боп қала береді. 


Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз