Секонд-хендтен тауар алу — зарттарды этикалық түрде ұзақ қолдана отырып, жер шарын ластанудан сақтау, бірегей әрі ескі нәрселерді табу. Алматының 14 секонд-хендін топтастырдық. Арасында винтаж, премиум-сегмент, қайталанбас дизайндағы киім мен кеңес заманының классикасы бар.


DALA BALA — алматылық секонд-хендтер тобы, оларды затты саналы түрде тұтыну идеясы біріктіреді. Топқа алты дүкен кіреді: Momo Reuse Store, Shlam Second hand, Sandyqstore, PARADIGMA CUSTOM STORE, ChaSha и Tazaki Store. Әрқайсысына тоқталып өтейік.

MOMO REUSE_STORE

Ескі заттардың жаңа өмірі

МЕКЕНЖАЙЫ: Алматы қ., Панфилов көш. 92, 10-офис

INSTAGRAM

Жеткізу: Алматы бойынша Glovo-мен,

Қазақстан бойынша ҚазПошта арқылы

Стиль, құрылым мен принттің араласқаны соншалық, бұл жерден кез келген адам өзіне сай киім таба алады. Мұнда рейв-комбинезон, өте қанық түсті спорт бомбері, нәзік этникалық көйлек пен 90-жылдардағы тон бар. Дүкен иелері vegan-friendly, no-gender және reuse clothes философиясын ұстанады.

Shlam Second hand

«Шмотки+хлам=Шлам»

МЕКЕНЖАЙЫ: Алматы қ., Панфилов көш. 92, 10-офис

INSTAGRAM

Жеткізу: Қазақстан бойынша

Киім топтамысы гендерлік түрде нейтрал. Сондықтан киім үлгісінің жынысқа жарасып-жараспайтынына бас қатырмауға болады. Секонд-хенд унисекс-стильді қолдайды әрі саналы түрде тұтыну философиясын ұстанады.

Sandyqstore

Selected vntg and scndhnd

МЕКЕНЖАЙЫ: Алматы қ., Панфилов көш. 92, 10-офис

INSTAGRAM

Жеткізу: Алматы бойынша Glovo және Yandex-пен,
Қазақстан бойынша ҚазПошта арқылы

Sandyqstore заттарының өзіндік тарихы бар әрі жалғыз данада сатылады. Мұнда кеңестік классикалық костюм, тренч пен аңдардың не геометриялық пінішдердің суреті бар киім таба аласыз.

PARADIGMA CUSTOM STORE

1% of old age, things in a single copy

МЕКЕНЖАЙЫ: Алматы қ., Панфилов көш. 92, 10-офис

INSTAGRAM

Жеткізу: Алматы бойынша Glovo және Yandex-пен,
Қазақстан бойынша ҚазПошта арқылы

Дүкен киімді тұтынушылардың талғамына қарай өзгертуге, жеке киім моделін ойлап табуға бейімделген. Мұнда түрлі бояу техникасымен сәнделген оверсайз футболкалар, от жалыны салынған джинсы және жылтырақпен, гүлмен әшекейленген бетперделер бар.

ChaSha

GIVE A SECOND LIFE

МЕКЕНЖАЙЫ: Алматы қ., Панфилов көш. 92, 10-офис

INSTAGRAM

Жеткізу: Алматы және Қазақстан бойынша

Бұл секонд-хенд киім мен бұйымдарды сатып қана қоймай, киімге сурет салып, жазу жазып әшекейлей алады. Дүкен коллекциясында қолдан сурет салынған комбинезон, классикалық бешпет пен гүлдің принті салынған жеңіл көйлектер бар.

TAZAKI STORE

Мүлде түссіз емес

МЕКЕНЖАЙЫ: Алматы қ., Панфилов көш. 92, 10-офис

WhatsApp: +7 707 989 6858

Жеткізу: Қазақстан бойынша 500 теңгеден басталады

Tazaki — іріктемелі секонд-хэнд. Бұл жерден клиенттің талғамына қарай өзгертілген жібек жейде мен негізгі классикалық киім таба аласыз. Мысалы, жүннен жасалған торкөз жейде, өрнекті винтаж кардиган, пальто мен Левайстар — дүкен сөрелерінің негізгі тауары.


Алматыда алты іріктемелі секонд-хэнд бар: Asay Jurek, La Luxe, Out of the clothed, Out.of.Almaty, QIPKӨR ╳ одежда с душой, Showroom «Птички-Синички».

Asaý Júrek

SELECTED SECOND HAND

МЕКЕНЖАЙЫ: Алматы қ., Уәлиханов көш., 43, 2-этаж

Телефон: +7 (727) 273 51 45,

+7 771 466 14 65

Жеткізу: Алматы және Қазақстан бойынша

Іріктемелі секонд-хэнд дизайнерлік брендтерді сатады: киім, аяқ киім мен премиум-сегменттегі бұйымдар. Asay Jurek-те жапон ұлттық кимоносы, Valentino спорт сөмкесі мен көйлектері бар. Дүкен кеңестік төсбелгі, винтаж бұйым мен сөмкелерді де сатады.

La Luxe

Resale & Vintage

МЕКЕНЖАЙЫ: Алматы қ., Назарбаева көш., 112

Whats App: +7700 095 9999

Жеткізу: Алматы бойынша Glovo-мен,
Қазақстан бойынша ҚазПошта арқылы

Секондтан люкс және премиум-сегменттегі заттарды, дизайнерлік ескі нәрселерді табасыз. Мысалы, мұнда Prada сөмкесі, Fendi туфлиі мен Moschino киімдері бар. Бір нәрсені ескерген жөн: тауарды қайта тапсыру не басқа тауарға ауыстыру бұл дүкенде қарастырылмаған.

Out of the clothed

Your almaty apparel sponsor

МЕКЕНЖАЙЫ: интернет-дүкен

instagram

Жеткізу: Алматы бойынша Glovo-мен

Дүкен иелері — тарихы бар киімді жинап, оған жаңа қолданушы табатын алматылық жұп. Бұл жерде масс-маркет киімінен бастап жалғыз данада шығарылған винтаж заттарға дейін сатылады: Thrasher оверсайз-футболкалары, мақта жейде мен свитер, барқыт белдемшелер бар.

Out.of.Almaty

МЕКЕНЖАЙЫ: Алматы қ., Уәлиханов көш., 43, 2-этаж

Телефон:

+7 (727) 273 51 45,

+7 771 466 14 65

Жеткізу: Алматы мен Қазақстан бойынша

Out of Almaty — кеңес заманындағы Алматыны еске түсіретін ретростиль мен винтажды жинаған дүкен. Бұл жерде үйді безендіретін тауар, айна мен үстел шамдары бар. Ата-анамыздың жастық шағында сәнді болған көйлек, бешпет, жейде сияқты киім жетерлік.

QIPKӨR ╳ одежда с душой

Қара • ұстап көр • рухтандыр

МЕКЕНЖАЙЫ: интернет-дүкен

instagram

Жеткізу: Алматы бойынша Glovo-мен

Бұл іріктемелі секонд-хэнд 2018 жылдан бері жұмыс істейді. Дүкенде әртүрлі зат сатылады, бірақ көбіне ыңғайлы жейде, күртеше, свитшот табасыз. Райымбек-Достық-әл-Фараби-Саина көшелерінің ішінде тегін жеткізу қызметі бар.

Showroom «Птички-Синички»

Міндетті түрде өзіңізге бірнәрсе табасыз!

МЕКЕНЖАЙ: Алматы қ., Масаншы көш., 79

ТЕЛЕФОН: +7777 348 47 78

instagram

Жеткізу: Қазақстан бойынша ҚазПошта арқылы

Шоурумның сөрелерінен киімнен бұйымға дейін бәрін табасыз: кеңес заманының төсбелгілері, винил күйтабақ, жергілікті авторлардың қолынан шыққан бұйым, ашықхат, Алматының көрікті жерлері бейнеленген телефон қабы бар.


MEGA HAND

Еуропадан әкелінген киім дүкенінің желісі

МЕКЕНЖАЙ: дүкендер желісінің қала бойынша бірнеше орны бар. Ең ірілерінің бірі Навои көш., 210/2, 69-офис

ТЕЛЕФОН: + 7770 86683240

Instagram

Жеткізу: жоқ

Еуропа киімін сататын секонд-хэнд желісінде арнайы жеңілдік жүйесі бар: Аптаның бір күнінде тауар белгілі бір пайызға арзандатып сатылады. Мұнда белгілі брентердің киімі, аяқ киімдері мен бұйымы бар.

Second hand «Свободный стиль»

Мекенжай: дүкендер желісі. Ең ірісі Жібек Жолы даңғылы, 60-та

ТЕЛЕФОН: +7 (727) 273‒55‒97

instagram

Жеткізу: жоқ

Секонд-хендтің бұл желісінің басты тауары — Еуропадан әкелінетін киім. Дүкенде таңдау көп. Ерекше фасон ғана емес, әйгілі бренд киімін сатады. Тіпті, бұйым, үй текстилі, аяқ киім мен ойыншықтарды табасыз.


обложка: sandyqstore