Queen Фредди Меркьюридің естелігіне 1992 жылғы концертті онлайн көрсетеді. Кезінде бұл шарадан түскен қаражат әлемнің 57 елінде ЖИТС-пен күреске кеткенін атап өткен жөн. Бұл туралы НОЖ онлайн-журналы хабарлады.

Стрим 15 мамырда Алматы уақыты бойынша сағат 00:00-де топтың ютуб-арнасында көрсетіледі. Кейін жазба 48 сағат сақталып тұрады. Концерттің онлайн көрсетілімі кезінде коронавируспен күреске қаражат жинала бастайды.  

1992 жылы 20 сәуірде Лондонның Уэмбли  қаласында өткен концертте Queen музыканттарынан бөлек Дэвид Боуи, Роджер Долтри, Роберт Плант, Джордж Майкл, Элтон Джон, Эксл Роуз пен Лайза Миннелли өнер көрсеткен еді. Ол кезде музыканттар 17 миллион фунт табыс тапқан еді.


Біздің Telegram-каналға жазылыңыз