15 мамырдан бастап пойызға билет сатылады
Индустрия және инфраструктуралық даму министрлігінің хабарлауынша, 1 маусымда Қазақстанда 54 пойыз қайтадан жүре бастайды.
Атап айтқанда, Астанадан Алматы, Маңғыстау, Өскемен, Сарыағаш, Семей, Арқалық, Павлодар, Петропавл/Қызыл ту, Орал, Жезқазған, Қызылорда қалаларына жүреді. Алматыдан пойыз Шымкент, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Сарыағаш, Өскемен, Жезқазған, Орал мен Петропавл станцияларына барады.
Сонымен қатар Қызылорда – Семей, Қостанай – Қарағанды, Арқалық – Алматы, Қарағанды – Жезқазған, Қызылорда – Көкшетау бағыттары бойынша да пойыз жүре бастайды.
Рейс басталарда пойыз бригадасының дене қызуы өлшенеді. Барлық жолсерік пен жолушыға жол бойы маска тағу міндеттеледі.
Сонымен бірге, жолаушыларға вагоннан вагонға жүруге, объектив қажеттіліктерден басқа себеппен купеден шығуға тыйым салынады.
Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться