Теңіз ауасынан микропластик табылды
Ұлыбритания, Франция және Оңтүстік Африка экологтары микропластиктің мұхитты ғана емес, атмосфераны да ластайтынын анықтады. Толқын пластик ұнтағын жағаға әкеледі, ал оның өте ұсақ түйіршіктері ауаға тарап, өкпеге түседі. Бұл туралы PLOS ONE журналында зерттеу жарияланды.
Теңіздің ауасымен дем алғанда адам бактерия, вирус пен ұсақ тұзды жұтатынын ғалымдар осыған дейін де анықтаған. Енді зерттеушілер теңіз ауасына тағы бір компоненттің кіретініне көз жеткізді. Ол — ұсақ пластик түйіршіктер. Бұл зертханадағы тәжірибелік жұмыстардың нәтижесінде анықталды. Ультракүлгін сәулелі шамның астыда теңіз көпіршіктерінен ауаға флюоресцент заттардың шашырайтыны байқалды.
Экологтар Франциядағы Бискай шығанағынан су сынамасын алып, теңіз ауасының бір кубметріннен пластиктің 19 түйіршігін анықтады. Олардың болжамынша, әлемде жағалауға 136 мың тонна микропластикті толқын әкеледі.
Микропластик — ұзындығы максимум 5 милиметрдей болатын ұнтақ. Ол өзен мен кәріз жүйесі арқылы мұхитқа түседі. Ал мұхиттан адам және жануар ағзасына барады. Жақында ғалымдар судағы микропластиктің ең көп жиналған жерін анықтады: Жерорта теңізінің түбінен бір метркубта 1,9 миллион микропластик тапқан.
Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться