21 жасқа толмаған азаматтарға темекі сатуға тыйым салынады
Мәжіліс кезекті отырысында денсаулық сақтау мәселелері бойынша заңға өзгерістер енгізуді мақұлдады. Қазақстанда тыйым салынған жерде темекі шеккендерге айыппұл екі еселенді. Көлікте баланың көзінше темекі шеккен қазақстандықтар әкімшілік жауапқа тартылады. Ал 21 жасқа толмаған азаматтарға темекі сатуға тыйым салынды.
«Қоғам мен депутаттар арасында темекі тартуға қатысты профилактикалық әрі шектеу мәселелері бойынша нормалар қызу талқыланды. Депутаттардың түзетулерімен темекі сатып алушылардың жас шектеуі 18-ден 21 жасқа дейін көтерілді», - деді депутат Зәуреш Аманжолова.
Бұл заңды бірінші рет бұзған азаматтарға 15АЕК мен 100АЕК аралығында, ал екінші рет бұзғандарға 30АЕК-дан 200АЕК-ға дейін айыппұл салынады.
Сонымен қатар, заң жобасы жаңа нормамен толықтырылды. Енді көлікте кәмелетке толмаған бала болса, темекі шегуге тыйым салынады.
«Заңды бірінші рет бұзғандарға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, ал екінші рет бұзған азаматқа 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады», - деп комитет нақтылады.
Сонымен қатар, заң жобасында өнімдегі никотиннің құрамы бойынша жыл сайын зерттеулер жүргізу бөлігінде темекі өнімдерін өндірушілер мен импорттаушыларды міндеттейтін нормалар белгіленген. Олар зерттеу нәтижелері туралы есепті өкілетті органға ұсынады.
Біздің Facebook-парақшамызға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться