18 мамырда Алматыдағы ақылы көлік тұрақтары жұмысын бастайды. Бұл туралы Tengrinews жазды.

Барлық паркоматта үнемі санитарлық тазалық шарасы өтеді. Жүргізушілер төлемді медициналық қолғаппен жасап, арақашық сақтауы қажет.

Барлық абонемент пен резидент келісімдері карантин кезеңінде жұмыс істемейтін барлық мерзімге автоматты түрде жаңартылады.

«Қазірде ең тиімді төлем әдісі  қолма-қол ақшасыз төлемдер. «Парковки Алматы» мобайл қосымшасын қолданыңыз немесе мобайл банкинг арқылы төлем жасауға да болады. Банкіңіздің қосымшасында AParking немесе Almaty Parking бөлімін тапсаңыз тұраққа ақыны автокөліктен шықпай төлеуге мүмкіндік бар», - делінген AParking компаниясының Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

Қазірде компания кеңсесі әлі де жабық әрі келушілерді әзірге қабылдамайды. 


Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз