Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс бабымен Алматыға келді. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
«Мемлекет басшысы сапар барысында қаланың бірқатар инфрақұрылым нысандарының жаңғырту жобаларымен және құрылысымен танысады», — деді ол Facebook-парақшасында.
Сондай-ақ баспасөз хатшысының мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетін мобильді скрининг арқылы анықтау орталығына барады. Ботаникалық бақты қайта қалпына келтіру жұмысымен танысып, құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік қызмет көрсету үйін аралап көреді.
Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться