9 тамызда Беларусь президент сайлауын өткізеді
Беларусь парламенті президент сайлауының 9 тамыз өтетінін мәлімдеді. Бұл туралы БЕЛТА хабарлады.
ОСК басшысы Лидия Ермошинаның айтуынша, елдің саяси басшылығы сайлау комиссиясымен және өкілдер палатасымен кеңес өткізіп, сайлауды 9 тамызда өткізуге келісті.
65 жастағы қазіргі президент Александр Лукашенко 1994 жылдан бері билік басында. Биыл оның елді басқарғанына 26 жыл болады. Былтыр күзде ол алдағы сайлауға қатысатынын айтқан еді.
Біздің Telegram-каналға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться