Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, төтенше жағдай енгізілгеніне байланысты табысын жоғалтқан 2,1 миллион қазақстандық бүгінге дейін 42 500 теңгені екінші рет алды. 

Министрліктің айтуынша, 16 сәуірге дейін өтініш жібергендерге әлеуметтік төлем екінші рет түседі. 

Жалпы, 4,5 миллион қазақстандық 42 500 теңге алған. Басында билік әлеуметтік төлемді 3 миллион адамға беруді жоспарлағанымен министрлікке 8 миллион өтініш түскен. 


Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз